«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

    А.Құсайынов атындағы орта мектебі

    Бүгінгі таңда Қазақтан Республикасының тәуелсіз, дербес ел болғанына 29 жыл толды. Бұл тарихи жыл санаумен алсақ көзді ашып-жұмғанмен бірдей, дегенмен осы жылдар аралығында Қазақ елі басынан небір қиыншылықтарды бастан кешірді.Тәуелсіздік Қазақ еліне оңай жолмен келген жоқ, сонау жоңғар шапқыншылығынан бастап соңғысы желтоқсан оқиғасы аралығында қаншама асыл азаматтарымыз тәуелсіз ел болу үшін қан мен тер төкті. Тарихын ұмытқан ұлттың болашағы жоқ, ол баршамызға аян. Тарихты дәріптеу арқылы бүгінгі жастарды оңайлықпен түспеген тәуелсіздікті сақтап қалуын, әрі қарай дамытуға тәрбиелейміз. Осы негізде Айтпай Құсайынов атындағы орта мектепте қатардан қалмай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты онкүндікті өз деңгейінде өткізді. Ең әуелі 10 желтоқсанда  «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арнап мектеп айналасы безендірілді.  14 желтоқсанда  «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты мектепшілік лездемеден басталды. Мұнда 11 сынып оқушылары Байзаков И.К және Жагипаров М , Асанова Ләззат Алтынайқызы және Қайрат  Ноғайбайұлы Рысқұлбеков туралы айтылып, бастауыш сынып оқушыларының тақпақ, лебіз өлеңдері айтылды. Бұл іс-шараны қорытындылап, мектеп директорының міндетін атқарушы Асылбек Т.М. құттықтау сөз сөйлеп барша қауымды Қазақ елінің төл мерекесімен құттықтады.

Орындаған:  Кусайнов Ж.А. 24877

Жаңартылған күні: 15.12.2020 09:52
Құрылған күні: 15.12.2020 09:52

Текст