«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сүйіспеншілік - әрбір жүректе

Мектеп: А.Құсайынов атындағы ОМ    Мерзiм 10.02.2020

Тақырып:    Сүйіспеншілік - әрбір жүректе

Құндылық:  Сүйіспеншілік Қасиеттер: адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық.

Мұғалiм: Б.Т. Алшинова                               Cынып: 3-4  Оқушылар саны: 12

 

Сабақ мақсаты: Оқушыларға  адамгершілік туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға  адамгершілік ұғымы туралы түсінік беру. 

2.Дамытушылық: Оқушылар бойындағы  мейірімділік  қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (оқулық,  дәйек сөздер,   суреттер,  АКТ,  үлестірме)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. «Суасты патшалығына саяхат» (3 мин)

Ойша суасты патшалығына саяхат жасау. (Оқушыларды түзу отырып, қолдарын тізесіне қойсын, аяқты айқастыруға болмайды.  Жайлы, баяу музыканы қою).

Мұғалім:  Көздеріңді жұмып, бірнеше  рет демалып, дем шығарыңыздар. Денені бос ұстаңдар.

     Біз теңіз жағалауында жүрмін деп ойла. Теңіз толқындары мен шағалалардың баяу дауыстарын естіп тұрсың ба? Жалаң аяқ астында жұп- жұмсақ құмды сезесің бе, теңіз үстінде алыстан бір қара нүктені байқадың, ол не екен? ... ол дельфин. Ө

Әлемдегі ең мейірімді жануар. Дельфиннің жүрегі сүйіспеншілікке толы. Дельфин жүзіп сені теңіз түбіне саяхатқа алып бару үшін келіп тұр. Жайлап оның арқасына отырып ал да саяхатқа шық. Теңіз түбіне сүңгіп кеткен дельфин досың саған бар ыңғайды жасап келеді. Мөп- мөлдір суастында сен өмірі көрмеген түрлі- түсті өсімдіктер мен балқтың бірнеше түріне тап болдың.  Алдыңда үлкен  балықтар өтіп  жатыр, ал анау алыстағы Сегіз аяқ болады. Керемет, неткен тыныштық пен сұлулық десеңші... Қандай ғажайып көрініс. Осы жағдайда сәл бола тұр. (мұғалім бірнеше секунд үнсіз тұрады).

       Ал енді жоғарыдағы өз әлемімізге қайту үшін дайындал. Жан- жағыңа мұқият қарап ал. Неткен тыныштық, неткен сұлулық, осы тыныштықтың саған қалай әсер ететіндігін есте сақта. Дельфин жер бетіне қайтпақшы, сен жағалауға келдің. Дельфиннен түсіп, оны маңдайынан сипап, саяхат үшін оған ризашылығыңды білдір.

      Бөлмеге келіп, өз орныңа да жеттің. Бірнеше секундтан соң көзіңді ашасың, бірақ осы тыныштық  сезіміңді сақтап қалуға тырыс.

Сабақ барысын талқылау: баяу музыка ойнап тұрады

 

 

  1. Дәйек сөз. (4 мин)

 «Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»

Абай Құнанбаев

-Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер?(Балалардың жауабы)

 Абай шығармашылығы — әдебиеттің, мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс. Кейде ойлап отырсаңыз, Абай біз үшін ақын да, философ та, аудармашы да, композитор да емес, бәрінен бұрын өзіміздің жанымызға соншама жақын адамымыз, ағайынымыз ба, туысқанымыз ба , ағамыз ба, атамыз ба, әйтеуір бір жақсы танитын адамымыз сияқты.  Сол адаммен талай рет кездесіп, сөйлескен, сырласқан, талай рет ақылын алғандаймыз, ал кейде не балалықпен, не шалалықпен алмай кеткендейміз. Қуансаң да, қиналсаң да Абайдың алдына барасың. Күйіп, қайғырсаң да жаныңнан табылады Абай.  Өйткені, Абай — ұлттың атасы, халықтың рухани әкесі.

 Сұрақтар:

1. Дәйек сөзде қандай қасиет туралы айтылады?

2. Осы қасиетті өмірде ұстанасыңдар ма? Қалай?

Мұғалім өзі дауыстап оқиды, ұлдар оқиды, қыздар оқиды, Хормен айтылады,дәптерге жазып алу

  1. Оқиға айту  (Мұғалім сыйы).

 Етікші туралы аңыз.

Әңгімелеу бойынша сұрақтар:

1. Әңгімедегі етікшінің адамдарға жақсылық жасауға итермелеген қандай күш ?

2. Данышпан ата ол кісіге «Адам» деген ұлы атқа лайықсың!- деп не үшін айтты ?

3. Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету дегенімізді өмірден нақты қандай мысалдар айтып бере аласыңдар ?

 

М: Адам бойына ең бірінші керек қасиет - адамгершілік. Себебі онда сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік, махаббат, жақсы ойлау сынды іс - әрекеттердің тізбегі жатыр.
Дүниедегі жағымды нәрселердің бәрі – адамгершілік ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат - мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенім білдіреді.

Интернет желісі

Үлестірме

      4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10-13мин)

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1- топ: «Тілшілер»: Бейнетаспа бойынша сұрақтар  құрастыру, «Суретшілер» тобынан  сол сұрақтарға жауап  алу.

2-топ: «Суретшілер» : Есеннің бірнеше жылдан кейінгі суретін салып, оның бойындағы  туындаған қасиеттері туралы айттып беру.

 

 Бейнетаспа: «Парыз»

  1. «Әке мен бала» бейнетаспаны  көргенде қандай сезімде болдыңдар?
  2. Адамның бойындағы мейірімділік қайдан туындайды?(жүректен)
  3.  Мейірімділік не үшін керек?(жаныңдағы адамдарда түсіну үшін)

 

Бейнетаспа: «Әке мен бала»

 

 

 Мейірімді болайықшы бауырлар

                         Сөзі: Серік Қалиев

                         Әні:Құрмаш Маханов

музыка ойнап тұрады

 

  1. Соңғы тыныштық сәтi.  ( 2 мин)

Бүгінгі сабағымызды еске түсірейікші. Ісіміз де сөзімізбен ойымыздай болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақтайық.

 

Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Сабақ аяқталды. Рахмет

 

баяу музыка ойнап тұрады

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 13.02.2020 09:40
Құрылған күні: 13.02.2020 09:40

Текст