«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өз мұратына жету

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мектеп: А.Құсайынов атындағы ОМ

 Мерзімі:   03.02.2021ж          

Сабақтың тақырыбы:     Өз мұратына жету          № 21 сабақ                                            Құндылық: Қиянат жасамау

  Қасиеттер: әрқашан көмектесу,  ешкімді ренжітпеу, бірлік  .               

 Пән мұғалімі: Досмагамбетова Г.Р.        Сыныбы: 5-6 сын.

Сабақтың мақсаты:  Ұжымда дұрыс қарым-қатынас жасай білуге, айналаңа қиянат жасамау өзіңе қиянат жасамау екендігі туралы түсінік беру.

Міндеттері:   Білімділік:  - командада  жұмыс істеуді үйрету;

Дамытушылық:  - ешкімді ренжітпеуге, үнемі көмекке келе білуге ықпал жасау; Тәрбиелік:  - бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

Сабақтың барысы:

 1.Ұйымдастыру кезеңі:  Тыныштық сәті:   Жағымды күйге ену,

«Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды партаның үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашып, күлімсіреңіз. Рахмет!

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Асыл арман                          Бәкір Тәжібаев

Арманым, ақ сәулелі күнімбісің,

Әлде бір алаулаған гүлімбісің,

Әлде бір желпіп өткен самал ма едің,

Арманым  айтарым көп саған менің.

   Қ-СЫ:     Асыл арман, асыл арман,

                   Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің?

                  Асыл арман, аспанымда жарқылдаған құсым ба еді,

                 Мен сенің құдіретіңе, Мен сенің құдіретіңе түсінбедім

Арманым, құздан құлар бұлақпысың,

Әлдебір күлімдеген шырақпысың.

Әлдебір албыраған ай ма екенсің,

Арманым, айтшы маған қайда екенсің?

                     Арманым жүрегімнің жыры ма едің,

                     Жас ару жанарының нұры ма едің.

                     Әлдебір сазы ма едің домбырамның,

                     Қиялды асқар шыңға қондыратын.

Музыка қойыла ды

 

 

 

3.  Дәйексөз                                         

                «Бойыңызға  болашақтың арман-мұраттарын

                         дарытыңыз, оның өзі шын мәніндегі

                                      күн шұғыласы тәрізді» Михаил Салтыков-Щедрин

 

4.   Әңгімелеу:  Мұғалім сыйы әңгіме

Бақыт іздеушілер 

  • Байдың үш баласы кәсіпті қалай іздемекші болды?
  • Бақыт іздеуші кіші баласы кімдерге жолықты?
  •  Жігіт өзіне тапсырылған аманаттарды қалай орындады?
  • Жігіт қандай қасиеттерінің арқасында мұратына жетті?
  • Бұл қасиеттер қандай құндылықтардың көрінісі?
  • Өзің мұратыңа жету үшін қандай жолды таңдар едің?

  Сұрақ –жауап

(пікірталас)

 

Мәтінді талдау.

 

 

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:      Төмендегі ғұламалар ой-тұжырымдарын оқып, бақытты адамды сипатта.

«Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты»                       Әл-Фараби.

 

«Адамның бақытының өлшемі – көңілің қалаған, өзің  ұмтылған мақсатыңнан алған жан рахатыңның ләззаты.  Ондай бақытқа бөленіп, ләззатты алудың басты кепілі – ниет, пиғыл, мақсат».                                                            Әл-Ғазали

 

2-тапсырма:     Төмендегі сұрақтарды негізге ала отырып,  «Менің түсінігімдегі бақыт»  тақырыбына ой-пікіріңді жаз.

  • Сенің бақытыңның негізі неде?  мәтінді оқып
  • Бақытты адамның ұстанымдары қандай болады?

 

3-тапсырма:     89 - беттегі мәтінді оқып, қандай үлгі алуға болатынын айтыңдар.

Мұрат дегеніміз адамдардың өмірінің мәнін толықтырып дегеніне жетуі үшін ұмтылған арманы. Адамдар армандаған мұраттарының әйтеуір бір кезеңде іске асатынына сенім арта- ды. Егер адам өзінің жүрек түкпіріне әдемі арманы мен жоғары мұратын ұялата білсе, онда ол адам кез келген  жағдаяттарды құрметтеу арқылы бастан кешіреді. Мұратты, көзге көрінген сұлулықты, жүректегі әуенді, жан сұлулығын, жұмсақ. Таза нәзіктікті аялай білсек, осының бәрі қайран қалдыратын аса жоғары әлем, егер де біз адалдық білдірсек, онда осының бәрі біздің әлемімізге айналады.

 

6.  

Бақыт

Өлеңдіжазған: МұқағалиМақатаев

Бақыт деген сенің бала күндерің

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.

Бақытын да басқасын да білмеуің

Бақытсыз-ақ ойнағаның күлгенің.

Бақыт жайлы менің мынау білгенім

Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң.

Бақытты сол-тәрік етіп түндерін

Бақыт іздеп азаптанса кімде кім.

Бақыт деген әркімдерде бір арман

Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір

Бақыт жайлы жазалмаған шығармаң.

Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тасқала

Бірақ  балам, мынаны естен тастама!

Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң

Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!

Бақытың мен, бақытым деп білменін

Менібілсеңбақытыңдыбілгенің.

Ал мен үшінеңбақыттыкүндерім

Балам сағанбақытіздепжүргенім.

 

 

7.Үй тапсырмасы

Келесі сабақ:    «Таңбалы тастағы»   таңбалар мен суреттер туралы материалдар жинап,  мақала жазу.

 

8.Соңғы тыныштық сәті:

 Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде,  Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 11.02.2022 17:14
Құрылған күні: 11.02.2022 17:42

Текст