«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай-дара тұлға »

"А.Құсайынов атындағы орта мектебі" ММ

Тақырыбы: «Абай-дара тұлға » (Сайыс сабақ)

 

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау.

 

Міндеті:

   Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.

   Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ бойынан көру.

    Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

І жүргізуші:

 

Дана Абайды

 

Қазақтың ақылына балаймын.

 

Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!

 

Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,

 

Жан алаңы, мұңы бар- қазағы бар Абайдың.

 

ІІ жүргізуші:

 

Арлы Абайды

 

Қазақтың қайраты деп ұғамын,

 

Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын!

 

Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын,

 

Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!

 

І жүргізуші:

 

Сара Абайды

 

Қазақтың жүрегі деп білемін,

 

Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін?

 

Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,

 

Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!

 

ІІ жүргізуші:

 

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы- мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді.

 

І, ІІ жүргізуші:

 

Құрметті ұстаздар және оқушылар, мектебіміздегі Абай  өлеңдерінен мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!

 

І жүргізуші: Мектебіміздегі Абай оқуларына қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Сайысымызды ашу үшін сөз мектеп директорына беріледі.

 

І жүргізуші:

 

Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 3 бөлімнен тұрады.

 

1-бөлім: «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы » (Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу)

 

2- бөлім: «Көңілім әнді ұғады» (Абай мен  әндерін, күйлерін орындау )

 

3-бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (өз шығармашылықтары бойынша жас дарындар байқауы)

 

ІІ жүргізуші:

 

Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

 

Қазылар алқасының төрайымы- Тәрбие ісінің меңгерушісі

 

Мүшелері: 1. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

 

І жүргізуші:

 

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,

 

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.

 

Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар

 

Сайысқа қатысушы тұлғаларға,-

 

дей отырып, сайыстың «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімінде бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз.

 

ІІ жүргізуші:

 

Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар,

 

Ойы сергек жан оны ұғар,

 

Бар сезіміңді қозғар ән-күйге

 

Жастар, тілімді ал, бол құмар,-

 

деп Шыңғыстаудың дара тұлғасы Шәкәрім атамыз да ән мен күй өнерін аса жоғары бағалағаны белгілі.

 

І жүргізуші:

 

Олай болса, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға Абай  әндерін нақышына келтіріп орындайтын жас таланттарымызды шақырамыз.

 

1.Абай «Сегіз аяқ». Орындайтын –  Алуа

 

ІІ жүргізуші:

 

Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде?

 

Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе?

 

Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс

 

Басқа біреу қол ұшын келіп маған берер ме?-

 

деп дүлдүл ақын Тұманбай Молдағалиев ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде де ұлы ақындардың жырларынан нәр алып, балғын жырларымен көзге түсіп жүрген жас ақындарымыз аз емес. Енді оларға да кезек берейік.

 

І жүргізуші:

 

Поэзия әлеміне самғадың,

 

Әділетті көксеуден еш талмадың.

 

Ақындардың көшбасшысы атанып,

 

Ел аузында мәңгі қалды жазғаның.

 

ІІ жүргізуші:

 

Өзің едің өлең-жырдың тарланы,

 

Шоқ жұлдыздай биік туған арманы.

 

Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым,

 

Қолдасын деп Абай ата аруағы.

 

І жүргізуші:

 

Орындалмай қалды қанша арманы,

 

Жас ақындар өнеріңді жалғады.

 

Ұрпақтарың есіне алып өзіңді,

 

Жауһар жырмен мүсініңді сомдады.

 

І жүргізуші:

 

Бойларыңда от бар екен байқадық,

 

Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

 

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

 

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-

 

деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз тәрбие ісінің меңгерушісі Адай Бейсенбайұлына беріледі.

 

ІІ жүргізуші:

 

Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,

 

Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.

 

Көлеңкелі кеудесіне қазақтың

 

Шымырлаған шуақ болып тарайды.

 

 

І жүргізуші:

 

Сыныптағы Абай оқуларының шымылдығын талай жанның жүрегіне үміт отын ұялатып, талай жастың  сезіміне куә болған, шынайы махаббаттың әнұранына айналған әйгілі «Көзімнің қарасы» әнімен жабуға рұхсат етіңіздер!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 28.02.2020 11:46
Құрылған күні: 28.02.2020 11:46

Текст