«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы мектеп жанындағы «Балапан» жазғы алаңы 2022 жылдың 1-14 маусым аралығында атқарылған жұмыстар

Айтпай Құсайынов  атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің жазғы мектеп жанындағы «Балапан» жазғы алаңы  2022 жылдың 1-14 маусым  аралығында атқарылған жұмыстар

 

Алаң басшысы:    бастауыш сынып мұғалімі Асылбек Т.М.

Тәрбиешілер: аға тәлімгер  Кусаинова Ж.С.

                                                         Хашганбай Н.

                                                         Жанайхан А.

Маусым саны :  1.

Қатысушылар саны:  13 бала.

Көпбалалы отбасылардан:  3 бала.

Лагерь жұмысының  басталуы:     01.06. 2022 жыл.

Лагерь жұмысының  аяқталуы:     14.06. 2022 жыл.

Жұмыс уақыты:   10.00.-13.00 сағат.

 

     1 маусым балаларды қорғау күніне орай мектебімізде «Балапан» жазғы алаңының ашылу салтанаты өтті. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі ойындар өткізіліп,әртүрлі тақырыптарда сұрақ жауаптар қойылып,әр оқушының қызығушылығын арттырып,балалар өз өнерлерін көрсете білді.Жазғы алаңның ашылу салтанатының жабылуын балаларымыз ата-аналарымен бірге орманға саяхат жасаумен аяқтадық.

 

           

 

        

     

       Оқушылар   «Балапан» жазғы алаңына күнделікті сағат  10:00  жиналып  мемлекеттік гимнді орындаудан бастап, алаң басшысы балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру жүргізеді. Таңертеңгілік  бой жазу жаттығулары орындалады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Дене тәрбиесінің мұғалімі  ортаға  шығып жаттығудың жасалу жолын көрсетеді. Ол жаттығу аяқталған соң, шеңбер құрып тұрған балалардың  бірі ортаға шығып басқа жаттығуларды, саппен тұру, жүру жаттығулары орындалады.

 Таңғы жаттығудан кейін,  мектеп ауласы мен сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік туралы нұсқау беріледі.

      Шығармашылық  кезеңінде оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындап отырды.   Мақал-мәтел  айтудан жарыс өткізілді. Ертегілер ішіндегі кейіпкерлерді рөлге бөліп ойнады,оқушылар өз ойларынан өтірік өлең құрастырды. Оқушыларға тақпақтар оқылып отырды,олар сол тақпақтың ұйқасын тауып отырды.Оқушылар өздерінің білетін ертегілерімен бөлісті.Сол ертегінің мән-мағынасын ашты. Ертегілер арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын күн сайын арттырып отырды.

 Жазғы сауықтыру алаңында "Менің ауылым"атты сурет салу байқауы өткізілді.

                                  

 

 

 

   Отанға, туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін өз туындылары арқылы суреттей білген жас оқырмандар еңбегі бағаланып, жүлделі орындармен марапатталды.

Бұл көрсетілімдегі негізгі мақсаты шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. 

      Сонымен қатар әртүрлі танымдық сабақтар өткізілді.

 

                 

 

Ағылшын пәні мұғалімі оқушылардың сөздік қорын молайту,жаңа мәтінмен жұміс істеу,тілін оқып жатқан мемлекетті құрметтеугетәрбиелеу,сөйлеу тілін дамыту мақсатында

«I like, I don't like» тақырыбында және етістіктер туралы сөйлеуге үйрету,грамматикалық тәрбие беру мақсатында «I can do it, I can't do it...» тақырыбында ойын сабақтар өткізді.

  

 Оқушылардың ой өрістерін дамыту мақсатында   вопрос-ответы «Весёлое лето»

         тақырыбында интелектуалдық ойын өткізілді.

         Балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет қасиетін қалыптастыру. Оның табиғатына, салт - дәстүріне, ұлттық мұраларына деген қызығушылығын арттыра отырып, сөздік қорын байыту, тіл байлығын дамыту. Қазақстан рәміздері туралы түсініктерін кеңіте отырып, оны құрметтеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында «Рәміздер-еліміздің нышаны» танымдық сабақ өткізілді.

                                                                                                 

      

     Мектебіміздің психологы «Кеме апаты» ойын тренинг  және  инфо-минутка «Мы против наркотиков!» өткізді.

 

                                              

 

      

 

Оқушылар жақсы әсер алып, көңіл күйлері жақсы болды.

       Оқушылардың әр күні көңілді қызықты өтті,көңіл-күйлері көтеріңкі болды.Шығармашылық жұмыстарға оқушылар белсене қатысып,өз ойларымен бөлісе білді.Бір-бірімен қарым-қатынастары да жақсы болды.     Оқушылар лагерден көптеген тың дүниелерді ұғып, шығармашылық қабілеттерін арттырып отырды.

                      

                    

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 25.06.2022 11:45
Құрылған күні: 25.06.2022 11:45

Текст