«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қамқоршылық кеңес» жиналысының №2 Хаттамасы

А.Құсайынов атындағы орта мектебі

2019-2020 оқу жылы

 «Қамқоршылық кеңес»  жиналысының

№2 Хаттамасы

 

03.12.19.

 

Қатысқандар:  ата-аналар 15 

Қатыспағандар:  жоқ

 

 

Күн тәртібі:

 

  1. Мектептің бірінші жартыжылдықта атқарған шаруалары мен жеткен жетістіктері туралы.
  2. Мектеп ұжымының  жаңа жылдық мерекелік  іс-шарасына белсене қатысуы және қаржылай көмек көрсетуі туралы.

 

  •  

 

  1. 1-нші сұрақ бойынша сөз алған Қамқоршылық кеңестің төрағасы Биғайша Сағадатқызы қыркүйек айында 50 түп алма ағашын отырғызуға және қазан айында жылу қазандығының тұрақты жұмыс істеуі үшін от жағатын жұмысшылардың орналасуына көмек көрсеткендерін айтып өтті. Қараша айында «Калинин» шағын шаруашылық жетекшісі Алшынов Жанат өз техникасымен мектеп айналасын қардан тазартты. Оқушыларға мұз айдынын жасауға көмектесті. Осының бәрі ауылдағы жалғыз білім ошағына деген қамқорлық деді. Мұндай жұмыстар өз жалғасын таба беретін болады деп өз сөзін аяқтады. Бұдан кейін сөз алған директордың оқу ісінің меңгерушісі Базылова Б.С. қараша айында мектепішілік олимпиада өткенін, үздік шыққан екі оқушы аудандық олимпадаға қатысатынын айтты. Олар: 11-сынып оқушысы Жанай Әмина (қазақ тілі пәні),         10-сынып оқушысы Жагипаров Мади (Қазақстан тарихы пәні). Сонымен қатар мұғалімдер облыс және аудан көлеміндегі сайыстарға белсене қатысуда екендіктерін айтып өтті.
  2. 2-нші сұрақ бойынша сөз алған «Қамқоршылық кеңес» ұйымының мүшесі Аскаров Марат алда келе жатқан жаңа жыл мерекесінде оқушыларға сыйлық дайындауға қаржылай көмек көрсету туралы мәселені көтерді. Сонымен қатар  мектеп жанына  әртүрлі мүсіндерді орнатып, мұз қалашығы мен сырғанақ жасауға көмектесуіміз керек деді. Барлық «Қамқоршылық кеңес» мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Жаңа жыл қарсаңында мектеп оқушыларына сыйлықты 20-шы желтоқсаннан бастап дайындайтындарын айтты.

 

Шешім қабылданды:

  1. Мектеппен алдағы уақытта да тығыз байланыста болып, мектепішілік шаруалар бірігіп атқарылсын.
  2. Мектептің алда келе жатқан жаңа жылдық мерекелік іс-шарасына белсене қатысу және оқушыларға сыйлық дайындауға қаржылай көмек көрсетілісін.

  

 

Қамқоршылық кеңестің төрағасы:                Ислямова Б.С.

 

 

                                                 Хатшы:              Бейсенбай А.

 

Асқаров Марат

Алшынов Жанат

Оспанова Айгүл

Токсанова М.Р.

Кусаинова Агайша

Сагандыкова Асель

Кажибаева Гульбахрам

Акшабакова Шолпан

Жаңартылған күні: 13.12.2019 16:47
Құрылған күні: 13.12.2019 17:14

Текст