«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Екінші ұстаз – Әбу Насыр Әл-Фараби»

ГУ "Средняя школа имени А.Кусаинова"

 

Тақырыбы: «Екінші ұстаз – Әбу Насыр Әл-Фараби»

Мақсаты: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу. Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу. Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылықсезімдерін қадірлей білуге баулу.

Көрнекілігі: портреті, нақыл сөздер, шарлар.

Барысы:

Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі «Екінші ұстаз –Әбу Насыр Әл-Фараби» атты өткізілгелі отырған Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған зияткерлік сайысымыздың  салтанатына қош келдіңіздер! Олай болса ұшқыр ойлы оқушыларымызды ортаға шақырып құрмет-қошемет көрсетіп қояйық.

1-топ «Нұрлы ақыл», 2-топ «Жылы жүрек»

Әділқазылар алқасын сайлау.

Зияткерлік сайыстың өтілу тәртібімен таныстырып өтемін.

І тур. «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап.

ІІ тур. «Білгенің бір тоғыз» Сөйлем құрастыру.

ІІІ тур. «Сөнбес жұлдыздар»

І тур. «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап. Ұяшықтардағы сандарды таңдау арқылы жауап беру. (Екі топқа қойылады).

  1. 10.Қыпшақ даласынан шыққан шығыстың  ғұламасы кім? (Әл-Фараби)
  2. 20. Әл-Фараби қай жылы дүниеге келді?(870ж)
  3. 10. Әл-Фараби қай жерде дүниеге келген?
  4. 20.Ол қандай отбасында туды?
  5. 30. Әл-Фараби қайда оқыды?
  6. 30. Ол кімнің ізін қуған?
  7. 10. Әл-Фарабидің қандай еңбектері бар?
  8. 20.  Оны қалай атаған?
  9. 30. Әкесінің есімі? (Ұзлағ)
  10.  10. Арғы атасы? (Тархан)
  11. 20.Қанша трактат жазып қалдырды? (164)
  12. 30. Трактат деген сөздің мағынасы? (Ғылыми еңбек)
  13. 10. Толық аты-жөні, шын есімі кім?
  14. 20.Отырар қаласын кезінде қалай атаған?
  15. 30. Әл-Фараби қандай аспаптарды жасаған? (домбыра, қобыз)
  16.  10.Әл-Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы? (Туған жер, достық, адамгершілік т.б.)
  17.  20 Насыр Әл-Фараби бойындағы көп қасиеттері мен дарындылығы XIX ғасырдағы біздің ұлы ақындарымыздан кімге ұқсайды?

ІІ тур. «Білгенің бір тоғыз» Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.

  1. 164-тен, астам, барлық, саласы, ол, ғылым, мен, өнердің, бойынша, жазған, еңбектер. Жауабы:(Ол 164-тен астам ғылым мен өнердің барлық саласы бойынша еңбектер жазған.)
  2. «екінші Аристотель», деп, оны атаған, замандастары. (Замандастары оны «екінші Аристотель» деп атаған.)
  3. Бағдат, жетілдіру, келді, Әл-Фараби, білімін, үшін, қаласына. (Әл –Фараби білімін жетілдіру үшін Бағдад қаласына келді.)

ІІІ тур. «Сөнбес жұлдыздар»

  1. Қазақтың тұңғыш ғалымы кім? (Шоқан Уәлиханов)
  2. 1995  жылы Юнеско шешімімен 150 жылдығы тойланған ақын кім? (Абай Құнанбайұлы)
  3. Қазақ хрестоматиясының авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
  4. «Қазақ» газетін шығаруға басшылық жасаған кім? (Ахмет Байтұрсынов)
  5. Абай кімдердің өлеңін аударды? (Лермонтов, Пушкин, Гете т.б.)
  6. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» кімнің өлеңі? (Әл-Фараби)

Қорытынды: Олай болса, оқушылар сендерге Әл-Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл-Фарабиге:

  • Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі –бақытқа, бірі –даңққа, бірі –өнер-білімге, бірі –байлыққа апарады.  Қайсысын таңдар едің? –депті.
  • Әрине, өнер-білімге апарар жолды.
  • Неге?
  • Бақыт та, абырой-даңқ та, байлық та тек қана өнер-білімде –депті.

Балалар егер сендер мектептегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдерің сендердің жарқын болашақтарыңның кепілі болмақ.

Әл-Фараби бабамыздың аты өшпейді, мәңгі сақталады. Себебі, оның артында мол мұра қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Адамның байлығы да, бақыты да, даңқы да ол білім. Білім таусылмайтын асыл қазына.

 

Жаңартылған күні: 28.02.2020 11:51
Құрылған күні: 28.02.2020 11:51

Текст