«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңестің хаттамасы. 11.09.2019 жыл

А.Құсайынов атындағы орта мектебі

2019-2020 оқу жылы

 «Қамқоршылық кеңес»  жиналысының

№1 Хаттамасы

 

11.09.2019.

 

Қатысқандар:  ата-аналар 14 

Қатыспағандар:  жоқ

 

 

Күн тәртібі:

 

  1. Қамқоршылық кеңестің 2018-2019 оқу жылында  мектеп ұжымымен бірігіп  атқарылған жұмыстар туралы есебі
  2. 2019-2020 оқу жылында  істелінетін шаруалар туралы.

 

  1. 1-нші сұрақ бойынша сөз алған Қамқоршылық кеңестің төрағасы Биғайша Сағадатқызы 2018-2019 оқу жылында көптеген шаруалардың атқарылғанын тілге тиек етті. Оқу жылының соңында мектепішілік жазғы сауықтыру лагерінде 18 бала демалғанын, оларға  барлық мүмкіншіліктің жасалғанын айтты. Сонымен қатар мектептің жөндеу жұмыстарына Қамқоршылық кеңес мүшелерінің келісімімен демеушілік танытқандарында айтып шықты. Мектептік ақтау және сырлау жұмыстарына көп көмек көрсетілді. Мектептің спорт алаңын жөндеу жұмыстары жақсы аяқталғанына бәріміз куәміз деді. Мектептің айналасын абаттандыру жұмыстары да сәтті болды. Оған дәлел тамыз конференциясында мектеп ұжымы абаттандыру мен жөндеу жұмыстарының нәтижелі болғандығынан аудандық оқу бөлімінің басшысынының алғыс хаты мен заттай сыйлық алғанына қуанышты болдық деді. Ендеше осындай біріккен жұмыстарды ары қарай жалғаса берсе дұрыс болар деді.
  2. Екінші сұрақ бойынша сөз алған Қамқоршылық кеңестің белсенді мүшесі  Алшынов Жанат биылғы жаңа оқу жылында да біраз шаруалардың бар екенін айтып өтті. Қыркүйек айында мектеп айналасын абаттандыру мақсатында 50 түп алма ағашы отырғызылды. Сондай-ақ мектеп жанындағы жылу қазандығының айналасына қоршау жұмыстары жүрілді. Біз үнемі мектеп ұжымымен тығыз байланыста болып, оларға көмек қолын созу азаматтық борышымыз болмақ. Ендеше алда атқарылар шаруалардың барлығына көмектесуге даярмыз деді. Өткен оқу жылындағыдай биылғы оқу жылында да біраз шаруалар атқарыла береді деді. Барлық Қамқоршылық кеңес мүшелері бірауыздан қолдайтындарын білдірді.

 

 

Шешім қабылданды:

  1.  Мектептің жаңа оқу жылындағы атқарылар   жұмыстарына үнемі көмек көрсетілсін.
  2. Мектепте болатын ата-аналар жиналысына белсенді қатысу және әртүрлі іс-шараларға  қаржылай көмек  жасалсын.

 

Қамқоршылық кеңестің төрағасы:                Ислямова Б.С.

 

 

                                                 Хатшы:              Бейсенбай А.

Асқаров Марат

Алшынов Жанат

Оспанова Айгүл

Токсанова М.Р.

Кусаинова Агайша

Сагандыкова Асель

Кажибаева Гульбахрам

Акшабакова Шолпан

Жаңартылған күні: 09.10.2019 12:06
Құрылған күні: 09.10.2019 12:11

Текст