«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

«Бала құқығы-адам құқығы»

Тақырыбы:   «Бала құқығы-адам құқығы»
Мақсаты: Балаларды бекітілген құқықтарымен таныстыру. Бала құқықтары туралы конвенциялар, балалардың құқықтары мен міндеттерін өзара байланыстыру. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Туу туралы куәлік, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық

Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.

Жарайсыңдар балалар!

Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.
 Конституция дегеніміз не?

             Ерке. Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
Мұғалім:  Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді?

   Оқушылар:/30 тамыз/
 Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз? /азаматтар/
- Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар.
Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты – Конвенция деп аталады.
Жулдыз :Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 54 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады.

Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. .                                                                                                                                           Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан                                           Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?
оқушылар
:Ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.
- Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады.
- Ол – Туу туралы куәлік (Осы құжат біздің  тұлға екенімізді  растайды).
3) Біз қай елдің азаматтарымыз?                                                                                                        Қазақстан Республикасының азаматтарымыз.
- Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқытарын атап өтейікші.

Сергіту сәті:
Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? СЛАЙД бала құқықтары
• Өмір сүруге
• Ата-тегін алуға
• Отбасында тәрбиеленуге
• Жеке бас бостандығына
• Азаматтық алуға
• Білім алуға
• Баспана алуға
• Дүние мүлікке
• Демалуға
• Денсаулықты сақтауға
• Сөз бостандығына
• Қоғамдық жұмыстарға араласуға

Қосымша балалардың да пікірлерін тыңдасақ

Ерасыл:

Ата – заңым , алтын заңым – ардағым,

Аялаған азаматтың арманын

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың тармағаң – дегендей Қазақстан Республикасының Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек

Жантемір

Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін , денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР- Конституциясы барлық заңдардың негізгі басты құжаты.

Тамерлан

Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынеады және өзіне есіммен азаматтық алуға құқылы. Мемлекет әрбір баланың аман сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Дарина

Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы

Бала денсаулығын сақтауға , емдеуге құқылы

Мұғалім: ендеше балалар біз манадан  құқық туралы айтып жатырмыз.

 

Өздеріңе қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала құқығын білесіңдер.

 

 

Тренинг «Мен жұлдызбын»
- Қолдарыңда не бар?
-Иа,себебі сендер бір-бір жүректің иесісіңдер.
-Жүректерің қандай?
-Мейірімді.
-Тақтадағы жұлдызды көріп тұрмыз ба? Себебі біз кімдерміз?
-Жұлдыздармыз.
-Ендеше өз суреттеріңді жұлдызға орналастыра қойыңдар.
-Қандай әдемісіңдер!

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

Құқың бар: күл,ойна ,шаттанып білім ал.

Құқың бар:табиғат сырларын біліп ал.

Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет,

Халқың да құрметтеп, достарың қызығар.

Құқың жоқ гүлдерді, көк шөпті жұлуға,

Құқың  жоқ құстардың ұясын бұзуға.

Құқың  жоқ тәртіпсіз, қатыгез бала боп,

Халқыңның алдында қызарып тұруға.  –дей келе біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!
 


Текст