«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің жаңа жыл»

Қош келдің жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар,доңыз ,тышқан ,мыстан кемпір, балалар, ата - аналар.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар,ата аналар,балабақша бүлдіршіндері! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Келе жатқан тышқан жылы бәріңізге жаңа бақыт,жаңа қуаныш әкелсін. Еліміздің еңсесі биіктеп, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын « Қош келдің Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

 Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа орап алып маңайын.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

 Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Ең алдымен жаңа жылмен құттықтау сөзін қонақтарға берейік:

____________________________________ беріледі.

Жүргізуші:

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Тақпақ айтып, би билеп,

Жаңа жылды бастайық.

(Балалар шыршаның айналасында билейді)–Хоров «Буги-вуги»

Сол кезде мыстан кемпір жүгіріп шығады

Мыстан кемпір:Ой бөй! Мында не болып жатыр? Ұят емес пе? Шыршаны жақпай жаңа жылды тойлап.

Жүргізуші:Дұрыс мыстан кемпір!Бірақ біз сиқыршы емеспіз ғой. Не істейміз балалар?

Мыстан кемпір: Қалай не істейсің? Аяз атаны шақырайық

Жүргізуші: Кәне балалар Аяз атамен Ақшақарды шақырайықшы. 1-2-3 Аяз ата,Ақшақар. (залға аяз ата кіреді)

Аяз ата: Амансын ба, ұлдарым, Амансын ба, қыздарым, Қандай әсем жүздерің, Қандай мөлдір көздерің, Керемет бір ән тыңдап, Келіп тұр-ау демалғым.Мында Ақшақар келген жоқпа? Біз жолда келе жатқанда бір кемпір бізге жолығып кедергі жасады сондықтан Ақшақар адасып қалды ал мен мында әзер жетім.

Жүргізуші: Балалар, ендеше Аяз ата шыршаны жағып қойсын, солай ма? мүмкін сонда Ақшақар қыз бізді тез тауып алар.

Аяз ата: Дұрыс айтасыңдар!

Қане балалар тұрайық,

Көңілді шеңбер құрайық

Сиқырлы сөзді айтайық.

Қуант бізді танырқат, (балалар бірге)

Шамдарыңды жарқырат (деп шырша шамы жағылады)- «Хоров --Жана жыл»

Жүргізуші:Кәне балалар,Аяз атаға көмектесейік.Ақшақарды тағы шақырайық

Би:Ақшакар биі (қыздар тобы Ақшақармен бірге билеп шығады)

Аяз ата: Қандай керемет! Бәрекелді!
Ақшақар : Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Рахмет сендерге балалар! Бірақ мені кешіріңдер балалар. Маған жолда Мыстан кемпір жолығып, сыйлықтарыңда ұрлап алды. Осы жаққа кеткен еді сендер көрген жоқсыңдар ма?

Балалар: Ия , ия осында болған. (балалар мыстанды шырша артынан тауып, қолдарымен көрсетеді)

Мыстан: Ойбай мені тауып алды. Жақсы, жақсы сыйлықтарды аяз атаға берейін.Бірақ, менің бір шартым бар.

Жүргізуші: Қандай шарт?

Мыстан: Менің де бүлдіршіндердің өнерлерін көргім келеді.

Жүргізуші:Жақсы, текештеңе бүлдірмей тыныш отырсаң болды.

Аяз ата: Міне, дорбамыз да табылды,  олай болса барып алайын да балалардың өнерін тамашалап, сыйлықтарын берейін.

-Аяз ата дорбаны тартып шығара алмайды (Ақшақарды көмекке шақырады).

-Аяз ата  мен Ақшақар жүргізушіні де шақырады.

-Жүргізуші ескі жылды шақырады (доңызды)

Доңыз:-Уф, балалар, менің  күшім таусылды. Себебі осы жылы көп еңбек еттім. Қазақстан еліне жақсы жаңалықтар әкелемін деп әбден шаршап қалыппын. Мүмкін жаңа жылды шақырармыз ?!

Балалар: Ия, ия алақай!

-Ескі жыл Жаңа жылды (тышқанды) шақырады.

Жаңа жыл ( Тышқан ):Ассалаумағалейкум ағайын!Армысыздар Аяз ата , Ақшақар. Сіздерді көргеніме сондай қуаныштымын. Осы сәтті көп күттім. Ескі жыл мені көмекке шақырғандай болды ма? Даусын естіп осы жаққа асығып келдім.

Жүргізуші: Ия біз дорбамызды шығара алмай жатырмыз.

Тышқан: Қане, олай болса көмектесейін.

(Сөйтіп, дорбаны алып шығады.)

Жүргізуші: Аяз ата сіз орындыққа жайғасыңыз. Алыс жолдан шаршаған боларсыз.Ал, біздің бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетпекші.

Жүргізуші:Ортада даярлық тобының биі «Часики»

Жүргізуші: Балабақша бүлдіршіндерінен Ойыншықтар биі.

Жүргізуші:Келесі кезекте  Әдемінің орындауында тамашаән «             »

Жүргізуші:Балалар, Аяз  атаға дайындаған тақпақтарың да бар шығар.

 

Ерасыл:

 Жап-жасыл шыршамыз,

Қандай тамаша.

Басында жұлдызы,

Қонады жараса.

Жұлдыз:

Жасыл шырша орманнан

Бізге арнайы келіпті

Ойыншығын балалар

Шыршаға әсем іліпті.

Тамерлан:

 Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Дарина:

Снег идет, снег идет!

Значит,скоро Новый год!

Дед мороз к нам придет,

Всем подарки принесет!

Әдемі

Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Ерке:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жанашыр.

Ата-әже, әке-ана.

Құтты болсын жаңа жыл.

Алихан:

Ән саламыз, би билеп,

Жырдан шашу төгілді

Бүгін біздің жаңа жыл,

Қандай қызық көңілді.

 

 

 1-Батырхан

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын

2-Жанкелді

Аяз ата келіп тұр,

Бизге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзыны-ай

Кесіп алсам шіркін-ай!!!

3Әдия

Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты.

4 Жасмин

Аяз –ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата,

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата

5 Қайсар

Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп

6 Альтаир

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

7 Әдемі

Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

8 Сания

Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

9. Тамила

Жаңа жыл,жаңа жыл.

Жана жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

 

Хоровод* «В лесу родилась елочка»

 

Жүргізуші: Ал енді ойын ойнап сергіп қалайық Ойын: Қар қиыршықтарын екі бала жарысып жинау

Жүргізуші: Келесі кезекте Оспанов Тамерланның орындауында тамаша әнді қарсы алыңыздар. Менің жүйрік тұлпарым

Жүргізуші:

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге мен бастаймын, ал сендер аяқтаңдар ойынды. Хорменжауапайтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр, Келе жатыр ..... Балалар: Жаңа жыл!

Қызыл мұрын, ақ мұртты Білсең атын тез ата, Келеді бізгеБалалар:Аяз ата

Көңілсіз бір бала жоқ, Ойын- күлкі таралсын Құтты болсын Балалар: Жаңа жыл

Жүргізуші: Ал ендіата-аналармен ойын ойнайық

Ойын: «Қар жасау»

Шарты: екі топта  бір-бір ата анна шығып қайшымен қидалап 1минутта қандай әдемі қар (снежинка) жасайды екен.

Жүргізуші: 

Ендігі кезекте «қара жорға» биін қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Мен суретші боламын,

Бәріңді де саламын.

Марапатқа ие болып,

Бірінші орын аламын – дей отыра екі топтан бір-бір атана шығып қыл қаламмен аузымен ақ қағаз бетіне шыршанын суретін салу.

Жүргізуші: Жарайсындар балалар, енді аяз ата бізге әкелген сыйлықтарын таратсын.

Аяз ата. Жарайсыңдар балалар, өнерлеріңе тәнті болдым. Көп рахмет! Енді сыйлықтарынды берейін. Ақшақар қызым, маған көмектесіп жіберсін. (Сыйлықтарды таратады)

Хороводная песня: (Аппақ-аппақ ) 

 

Ақшақар: Аяз ата енді біз жолға шығайық, әлі баратын жеріміз көп, жол алыс.

Аяз ата: Ия, дұрыс айтасың Ақшақар. Балалар, келесі жылы кездескенше аман-сау болыңдар!

 

Аяз ата:Ал, кім суретке түскісі келеді жақындаңдар.

 

Жаңартылған күні: 26.12.2019 13:31
Құрылған күні: 26.12.2019 13:31

Текст