«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дана тұлға, дара тұлға-Қонаев»

Ашық сабақтың тақырыбы: «Дана тұлға, дара тұлға-Қонаев»

Мақсаты: Аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға  Д.А. Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға тәрбиелеу.
Ұлы тұлға Қонаевтың ерліктері мен нақыл сөздері арқылы оқушылардың ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: суреттер, кітаптар, Қонаев жайлы естеліктер, слайд, бейнеролик т.б.

Мұғалім: Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев. Бабалар әруағына шынайы берілген, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдында балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген «Ту жығылмсын, Туды ұстағн үл жығылмасын»-деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды» деген ойып ашып айтты.

Слайд: Өмірбаянын көрсету

1-оқушы:

Көз суғарып таулардың тұлғасына

Дінмұхаммед деп жазам жыр басына

Жыр басына жайбайын неге, ағайын

Мұңдасыма айналса, сырласыма

2- оқушы:

Қаламымды малып ап жыр жазамын

Димаш деген бұлақтың тұнбасына

Димаш десем, жанырым нұрға толған

Сауыт кеудем, патша өлең, жырға толған.

3- оқушы:

Дана халықтың дана перзенті, иісі Алаштың пір тұтар тұлғасы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев  1912 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы, Балқаш ауданында дүниеге келген.

4- оқушы

Жер жүзіне әйгілі болған тұлғасы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың тарихтың төрінен орын алатыны даусыз. «Қазағым», «Елім» деп өмір сүрген тұлға Димекеңді халық қызмет етіп жүрген кезде де, дүниеден өткен кездеде сүйіп өтеді.

Бейнеролик көрсету

Тамерлан: Ұлы Димашты бола ма, ұмытуға,

Ол-кемеңгер, ғажайып ұлы тұлға                             

Жалғыз өзі жарады қапас күнде,   

Ұлан байтақ даланы көркейтуге

Ерасыл: Димаш аға, дидарыңыз жарық күн

Ұранысыз қазақ деген халықтың  

Саясаттыға дауылына сынбаған                             

Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың

Нұрсаян: Димаш ата туралы жазушы, журналист Серік Әбдірайымов: «Ар ойлап, дүниеге бой алдырмаған екі адам болса, соның бірі ел еркелетіп Димаш атаған- Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев». Димекең қанағатшыл жан еді. Газет-журналда жарияланған мақалаларын есептемегенде, қай баспадан қанша кітап шығармасын соның барлық қаламақысын жетім балалар үйіне аударып отырған, міне осының өзінен ол кісінің қандай ақжүрек екенін байқауға болады.

Рамиля: Ғұмыр кешпей қара бастың қамы үшін,

Қорғадыңыз ел мен жердің намысын

Тарих өзі таразылар, танытар

Ұлы қазақ Қонаевтың сан ісін

Алина: Алматы облысы және қаласы Димаш ата басқарған 11 жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Туған қаласына Алматының ажарын кіргізіп тұрған «Қазақстан»,  «Алматы» қонақ үйлерін, Республика сарайын, Республика алаңы, Цирк, Неке сарайын, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын, М. Әуезов атындағы  драма театрын, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын, Пушкин кітапханасын, баспа  үйлерін т.б, мәдени ошақтарын халық игілігі үшін бой көтерді.

Қанат: Өтет кетед, бұл фәниден сан  алып,

Тарих үшін емес олда жаңалық

Дінмұхаммед- Қонаев жай аты,

Шын аты оның мейірім мен Даналық

Шыңғыс: Дінмұхаммед- Ұлы түлға ардақты,

Дінмұхаммед-бар асылдан салмақты

Дінмұхаммед-күллі әлемге танылған

Кісіліктің шамшырағы жан-жақты

Нұрәділ: Атақ-даңқы аңыз болған талайға

Димекеңе баға беру оғай ма?

Ешкімге көмегін аямаған

Халқы сол үшін оны бағалаған.

Кітаптар көрмесі

Мұғалім: Ол кісінің бойында көп адамның бойынан көріне бермейтін рухани-адамгершілік қасиеттер көп болған. Димаш атамыздың  10 қасиеті

Бірінші қасиеті: Димаш ата, жаратылысанан көрікті, бойшаң жүзінен нұр төгіліп тұратын иманжүзді кісі.

Екінші қасиеті:  өзіне айтылған сөздің бәрін терең түсінетін және істің жай-жағдайына сәйкес жан-жақты тез ұғып алатын аса зерек  жан болатын.

Үшінші қасиеті:  Ол өзі жүрген, көрген, естіген нәрселердің бәрін зердесіне ұзақ сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын адам болған.

Төртінші қасиет: Димаш ата терең ой иесі және жадына сақталғандардың бәрін айдан-анық етіп айтып бере алатын шебер әрі, шешен болған.

Бесінші қасиеті: Димаш атамыз ғылым –білім мен өнерге жаны құштар, әр күн сайын оқып үйренуден шаршап-шалдықпайтын адам болған.

Алтыншы қасиеті: тағамға, ішімдікке, сауық-сайранға келгенде қанағатшылық болған.

Жетінші қасиеті: Димаш ата, жаратылысынан сауық, құмарлықтан аулақ болған. Демалысын таза ауада, серуендеп, аңшылық, мергендік  өнермен айналысқан.

Сегізінші қасиеті: кемеңгер Қонаев шындықты сүйіп, жалғандыққа қарсы тұруды жөн көрген. Димекең ешқашан өтірік айтпаған.

Тоғызыншы қасиеті: жаны асқақ және ар-намысын аса ардақтайтын адам.

Оныншы қасиеті: өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асыруға келгенде шебер-шешімпаздық танытып, бұл шатқа қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін бірбеткей, батыл, ержүрек болған.

Д. А. Қонаевтың нақылға айналған сөздері.

  1. Жалада шындық болмайды. Ерке
  2. Өмірдің екі тірегі: үйренуден жылықпау, үйретуден аянбау  Жулдыз
  3. Ақиқатты аттап кету-арға сын     Ерасыл
  4. Адам айнасы-адам    Жантемір
  5. Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады. Ернар

Мұхамед: Таудың ұлы өссе егер тауға қарап

Қазақ жасы Димашқа қарап өскен

Күллі әлемде елу жыл ел ағасы

Болған бар ма Димаштай ер данасы

Аян: Балқашыңда жайқалып тұр күрішің

Бізге әкелген бақ да сенің ырысың

Мұнар, интернатың, көпірің

Көрсетілген ел-жұртыңа бұл ісің

Қорытынды: Хор. «Атамекен»

Мұғалім:

Жесірге пана болды,

Жетімге жаға болды

Дінін сүйген дара болды,

Елу жыл елге аға болды. Қасиетті Балқаш мекенінің гүлденіп-көркеюін, өсіп-өнуін осы ұлы адамның есімімен байланыстырамыз. Ол енді ақиқат. Осындай құрметке бізді бөлеп кеткен Димаш атамызға біз мың да бір тағзым етіп, аруағы алдында бас июге тиіспіз. Халқының алдында Димш атамыз елінің ардақты да, қадірлі перзенті болып қала береді.

Жаңартылған күні: 28.02.2023 09:39
Құрылған күні: 28.02.2023 09:39

Текст