«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңа жылда жаңа жыр»

«Жаңа жылда жаңа жыр»

1.    Кейіпкерлер:

 

 

1.         Жүргізуші – 2

2.         клоун – 2

3.         Аяз ата

4.         Ақшақар

5.         Түлкі

6.         Қоян

7.         Ескі жыл 

8.         Жаңа жыл

9.         Мыстан

 

 

(Хоровод №1)

 «Шырша әні»

 ( Балалар шыршаны айналып ән айтады)

 

І- жүргізуші:

 Барлық жандар бір білекке қосқан үн

 Бақытты боп бастады жыл дастанын

 Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

 Құтты болсын жаңа бақыт достарым

 

ІІ- жүргізуші: Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 

 І- жүргізуші:

  Басталарда жаңа әлем,

  Құйылады жаңа нұр.

  Жүрекке арман бөлеген,

  Қош келіпсіз, жаңа жыл!

 

ІІ- жүргізуші: Балалар, сіздерді жаңа жылмен құттықтауға мектеп директоры 

 Кусаинов Жандос Айтжанович келіп тұр. Сөз кезегін құрметті қонағымызға берейік.

 

І -жүргізуші: Осындай ғажап тілекпен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.

 

1-ші клоун: Армысыздар, халайық!

 

2- ші клоун: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне де орын жетті ма?

 

1- ші клоун: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.

 

2- ші клоун: Мерекемізді көңілді  бастайық.

 

3,4-сынып  тобының орындауында «Жаңа жыл» әні

 

 

1- ші клоун: Біз мында жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.

1.Би:Теңіз қарақшылары

2.Клоундар ойын өткізеді.

3.Клоундар биі.

 

 

 І- жүргізуші:

 Бұрыннан болған екен Аяз ата

Тосады екен балалар қысқы уақытта

Ақшақарды қасына ертіп алып

Жер бетін шарлайды екен тамаша.

 

ІІ- жүргізуші:

Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

2- ші клоун: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!

 (  Ақшақар  кіреді)

 

Ақша қар:

Аппақ бүгін қалада.

Аппақ бүгін далада.

Аппақ болып жүрегі

Балалар тұр ортада.

 

Бал-бұл жанып жүздері

Бір ғана бар тілегі

Аяз ата, ақша қар

Сыйлық берсе екен деп.

 

Аяз ата жолда әлі

Ауыр алған жүгі де

Ақ таяғын арқалап

Мерекеге жол салған.

 

Армысыздар, қонақтар!

Бармысыздар, жас достар!

Құтты болсын, Жаңа жыл!

Құтты болсын, Жаңа жыр!

 

 

(Осы кезде Аяз-Ата келеді)

 

Аяз ата:

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

/Балалармен амандасады/

 (Аяз-Ата жан-жағына қарап, Жаңа жылды іздейді)

 Балалар, Жаңа жыл әлі келмеген бе? Неге кешігіп жатыр екен?

(Осы кезде  Ескі жыл  кіріп келеді)

 

 

 

 

 Ескі жыл:

Жаңа жылды іздеген сіздер ме?

Мен білемін  Жаңа-жылдың қайда екенін.

Егер менің шартымды орындасаңдар,

Жаңа-жыл қайда екенін айтамын.

 

Аяз ата:

Айт шартыңды,орындаймыз солай емес пе балалар?

Балалар: Иә, әрине

 

Ескі жыл: Кәне кім менімен күресіп, мені жығады

 

Балалар: Мен жығам, мен жығам (шуылдасады)

  1-баланы  жығады

  2-баланы  жығады

  3-бала Ескі жылды жығады

 

 Ескі жыл: Бәрекелді, балалар, мен жеңілдім Жаңа жылды алып келейін

 

І- жүргізуші:

Жаңа жыл келеді!

Жаңа жыр келеді!

Қанеки, балалар,

3 рет дауыстап,

Қол соғып, шаттанып

Жаңа туған, ақ тілек-

Жаңа 2020 жылды ортаға шақырайық!

 

 Жаңа жыл:

Сәлем бердім иіліп баршаңызға!

Бақыт, шаттық кетпесін ортамыздан.

Ортаймасын әрқашан мерекеңіз!

Молайып бақ, дәулет пен  жетістігіңіз,

Арта берсін қуаныш пен  берекеңіз!

  

Ақшақар:  Балалар, мен  бағанадан бері Күлше қыз досымды  іздеп, таба алмадым. Көргендерін бар ма?

 

Мыстан: Күлше қызды іздеген сіздер ме? Мен білемін  Күлше қыз  қайда екенін.

Егер менің шартымды орындасаңдар, қатты-қатты жыласаңдар, қайда екенін айтамын.

 

Аяз ата: 

 Кет Мыстан, бұзбай мерекемізді.

 (Аяз ата сиқырлы  таяғымен еденнен соққанда, мыстан ортадан шығып кетеді.)

Аяз ата сиқырлы  таяғымен тағыда еденнен соғып, «ал, сиқырлы  таяғым, Күлше қызымыз қайда екен, көрсетші бізге, дейді.

 

Көрініс: «Күлше қыз»

Ақшақар:  Күлше қыз мен сіздер үшін  қуаныштымын. Бұл қандай ғажап сәт. Осындай тамаша көңілмен бізбен болыңыздар!

 

Ақшақар:  Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан», «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).

 

Аяз ата:  Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.

(хоровод 2)

1.«Аяз ата» әні

2. Жаңа жылда жаңа жыр.

 

Аяз ата:  Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бәрімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.

Жаңа жыл:  Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалған екенсіздер.

 

ІІ- жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.

 

Жаңа жыл : Өмір бізде қайғы мұңсыз,

                       Жаңа жылды қарсы аламыз.

                       Міне, біздің шырша сұлу,

                       Шақырады біздерді.

 

Ақшақар: Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар.

 

Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалайық.

 

2-сынып. 1.Би: Джентельмен.

                 2. «Сұлулар» тобының орындауында би.

 

Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар. Өнерлерің өрге жүзсін. Қанаттарың талмай, әрі қарай самғасын. Кәне, Ақшақар, сыйлықтарыңнан үлестіріп жібер балаларға.

 

 

Ескі жыл:

Құрметті достарым, сіздерге ризамын

Рахмет!

1-жыл бойы өздерің

Бойға ақыл жиыпсың.

Күлімдеген көздері

Еңбекқор нағыз өздері.

Жақсы оқып сабақты

Мені ылғи қуантты.

Ата-анаға мың алғыс

Балаға болған қолғабыс!

Кетіп барам алыс сапарға,

Қайтарымды білемін

Сен мүшелге толғанда!

Жаңа жылда тілеймін

Өздеріңе мол табыс!

Ата-анаңның тірегі,

Қуанышы, арманы

Боларсыңдар қорғаны!

Қош бол, менің достарым! (Кетеді.)

 

Айғайлап ортаға мыстан шығады.

 

 Мыстан кемпір:

Ха-ха, ха-ха!

Немене, көздеріңе жас аласыңдар?

Ескі жыл, ескі жыл деп...

 Ескі жылда екі алып,

Жылағанын ұмытты.

Ұйықтап қалып сабақтан

Өтірікті  кім сыпқыртты?

 Сендер маған доссыңдар,

Қара орманға өзіммен

Алып бүгін кетемін.

Самғап биік ұшамын,

Жамандық жасап жақсыға

Өздеріңмен  дос болам!

Ха-ха, ха-ха!

 

 

Балаларға тап-тап беріп қорқытады.

 

Қоян:

Мен қорқамын достарым,

Мыстан келсе ортаға

Болмақ қандай мереке?

 

Түлкі:

Тыңдаңыздар, барша жан!

Жиналыңдар ортаға

Қол ұстасып бірлесіп

Ән айтайық тамаша.

 

І- жүргізуші:

 «Сұлулар» тобының орындауында «Қош келдің Жаңа жыл» әні

 Ажар: «Көбелек биі»

ІІ- жүргізуші:

Жаңа жылды ортаға шақырайықшы,  балалар!

 

 Мыстан:

Хо-хо, эхе-хе!

Жаңа жыл, Жаңа жыл –деп,

Мен де сендерге ақ тілек айта аламын:

-Ата-ананың тілін алсаң, қорқақсыңдар.

-Мұғалімнің тілін алсаң, нағыз ақымақсыңдар.

 -Бес деген не ол?

 Бес алуға   асықпа,

-Екі деген нағыз жақсы баға.

 Солай емес пе балақан?

  -Кім менімен дос болады?

 

 

 

 

 

 

Қоян:

Балалар,  мыстанды тыңдамаңдар!

Қанеки, бәріміз Жаңа жылға арнап бір би билейік!

І- жүргізуші:

Құрметті, жас достар, Жаңа жылды , Аяз атаны, Ақшақарды өз ортамызға алып,би билейік

 

Мыстан:

Жоқ!

Керегі жоқ ол қыздың!

Мен  сияқты сұлуды

Ортаға алып билеңдер.

Сыйлық деген нәрсені

Маған ғана сыйлаңдар!

 

ІІ- жүргізуші:

Балалар, мыстанды тыңдамаңдар.

Қанеки, ортаға шығайық,

Би билейік, ән айтайық

 

Би: Буги-буги

 

Аяз ата:

-Өнерлі ме  екен, балалар?

 ИӘ-хормен

 -Биші қыздар бар ма екен?

 ИӘ-хормен.

 -Ал,бестік баға көп пе екен?

 ИӘ-хормен

 -Тәртіп деген дұрыс па екен ?

 ИӘ-хормен

Мыстан:

 Жоқ! Жоқ!

Бәрі менің достарым.

Айтатыны өтірік

Сөмке толы екілік.

Қылатыны жамандық.

Аяз ата кете бер,

Саған мұнда орын жоқ!

 

 

Аяз ата:

Әй, мыстан

Жөніңе бар.

Біздің балалар ондай істі сүймейді.

Ата-ананы сыйлайды.

Қарап тұрсам сен бүгін

Қылыпсың көп зұлымдық.

Шырша отын сөндіріп,

Айтып тұрсың өтірік.

Қане, мұзға айналмай тұрып, жөнге кел тезірек!

 

(Ақша қар  ортаға шығады. Мыстан алдынан шығып жолын кеспекші болады.)

Ақшақар:

- Кет Мыстан, бұзбай мерекемізді.

 (Ақша қардың сиқырлы пердесі болады, соны сермегенде, мыстан ортадан шығып кетеді.)

 

Аяз ата:

Рахмет, шырақтарым! Біздің балалар шетінен өнерлі екен.

 (Осы кезде түлкі жүгіріп келеді)

Түлкі:

Аяз  ата , Аяз  ата , біздің Ақшақардың ақ пердесін мыстан ұрлап кетіпті.

Не істейміз? Өзі қашып кетіпті.

 Аяз ата:

Ол үшін  Жаңа жыл кейіпкерлері  ортаға шығып, бір өнер көрсетулері  керек.

Сол кезде қауым жұрттан ұялып, өзі әкеліп берер.

 Би: Флэшмоб

 

(Мыстан Ақшақардың пердесін лақтырып кетеді. Қоян көтеріп қарша қызға береді.

Қоянның қуанышы қойынына сыймай)

Қоян:  Ақшақар, Ақшақар міне сенің перден. Енді мыстан бізге бөгет болмайды.

Ақшақар: Рахмет, саған қоян.

                    

  Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Ал, ол үшін мен сендерге сыйлық беремін.

(Сыйлықтырды таратады)

 

Балалар,  менің әлі баратын жерім көп, сендер сияқты әр жерде балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!

 

Ақшақар:

Сау болыңдар, балалар,

Аман – есен болыңдар.

Әр таңды қуанышпен

Қарсы алып тұрыңдар!

 

ІІ- жүргізуші:

Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!

Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!

(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)

 

 

ІІ- жүргізуші:

Қандай жақсы біздің Аяз атамыз

Ол кеткен соң терең ойға батамыз

Ақшақар болып қалықтаймыз осында

Құс жолымен ән салып бара жатамыз

Кетті біздің сүйікті мен сүйкімді

Енді қайтып келтіресің ұйқыңды

Шыршамызды шыр айналып өмір жүр

Біз білмейміз бұдан өткен сиқырды

 

 

І-жүргізуші

Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

Біз билейміз Ақшақардың пәктігін

Аралаймыз ақ ормандай ойларды

Аялаймыз ару қыстың ақ түнін

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпымасын жүректерді мұң лебі

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі

Ән тыңдап, би биледік бүгін тойда

Қалады бүгінгі күн ойымызда

Демалып жаңа жылға қадам бастық

Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!

 

Жаңартылған күні: 31.12.2019 10:32
Құрылған күні: 31.12.2019 10:32

Текст