«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Тәуелсіздік мерекесіне орай 28 қараша мен 13 желтоқсан аралығында өткізілген «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мектепшілік іс-шаралар жоспарының

Есебі

2019-2020 оқу жылы

     Бүгінгі таңда Қазақтан Республикасының тәуелсіз, дербес ел болғанына 28 жыл толды. Бұл тарихи жыл санаумен алсақ көзді ашып-жұмғанмен бірдей, дегенмен осы жылдар аралығында Қазақ елі басынан небір қиыншылықтарды бастан кешірді. Тәуелсіздік Қазақ еліне оңай жолмен келген жоқ, сонау жоңғар шапқыншылығынан бастап соңғысы желтоқсан оқиғасы аралығында қаншама асыл азаматтарымыз тәуелсіз ел болу үшін қан мен тер төкті. Тарихын ұмытқан ұлттың болашағы жоқ, ол баршамызға аян. Тарихты дәріптеу арқылы бүгінгі жастарды оңайлықпен түспеген тәуелсіздікті сақтап қалуын, әрі қарай дамытуға тәрбиелейміз. Осы негізде Айтпай Құсайынов атындағы орта мектепте қатардан қалмай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты онкүндікті өз деңгейінде өткізді. Ең әуелі 28 қарашада «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арнап мектеп айналасы безендірілді.  Онкүндік 3 желтоқсанда  «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты мектепшілік лездемеден басталды. Мұнда апталықтың мақсат, міндеттері жәйлі айтылып, даярлық тобы оқушыларының тақпақ, лебіз өлеңдері айтылды.  Ал 5 желтоқсанда тарих мұғалімі мен аға тәлімгердің бастамасымен  5-11 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  9-ншы желтоқсанда барлық сыныптарда « Менің Тәуелсіз елім» атты сынып сағаттары өткізілді. 3-13 желтоқсан аралығында мектеп кітапханашысы ұйымдастыруымен «Ұлт көшбасшысы» атты кітаптар көрмесі 1-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды.

          Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде мектебімізде 4-12 желтоқсан аралығында  «Мен – егеменді елдің болашағымын» атты тақырыпта  көркем сурет, қабырға газеттер байқауы 5-11 сыныптар аралығында өткізілді. Бұл іс-шараны сынып жетекшілері және сурет пәні мұғалімі жауапкершілікті алып, жұмысты аяғына дейін қадағалап жеңімпаздарды марапатталды.  8 сынып оқушылары бірінші орынды жеңіп алды.

   13  желтоқсанда «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік шағын концертпен жалғасты.  Бұл іс-шарада онкүндікті қорытындылап, мектеп директорының міндетін атқарушы Бейсенбай Адай құттықтау сөз сөйлеп барша қауымды Қазақ елінің төл мерекесімен құттықтады.

Жаңартылған күні: 20.12.2019 11:58
Құрылған күні: 24.12.2019 16:55

Текст