«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туған жерге мың алғыс»

А.Құсайынов атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Б.Т.Алшынова

 

 «Туған елге  мың алғыс!» тәрбие сағаты.

Мақсаты: Оқушыларға туған жеріміздің әсемдігін айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу . 

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға туған елін жақсы көруді үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылардың туған жеріне қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу

І. Ұйымдастыру.

     Халқымыз  амандық сұрауға, сәлем беруге  ерекше мән берген. 

Амандасудың, сәлем айтудың,  астарында адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы, құрметі, сыйластығы, ризашылығы жатыр. Олай болса, бізде бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп амандасудан бастайық.

(Ұ) Амандасу тренингі: Қарым- қатынас амандасудан басталады. Ойын интерактивті тақта арқылы жүргізіледі. Қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды.

Егер тақтада күлкі    бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімсірей қараймыз, қол   бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейналансе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек  бейнеленсе - құшақтасамыз.

 Суреттер арқылы топқа бөлу.

Жүрек, күн суреттері  арқылы  2 топқа бөлу.

Ұжым болып жұмыс жасайды. 

1-топ: «Алғыс тобы», 2-топ: «Ризашылық тобы».

Топтар

 5 «Т» ережесімен танысады.

Тәртіп;

Талап;

Тыныштық;

Тазалық;

Татулық.

 

ІІ.Кіріспе: Ой қозғау.   

Тапсырма .

1.«Туған елге  мың алғыс!» тәрбие сағаттың тақырыбын оқу.

2.Суреттерге қара, олардың астындағы сөздерді оқы.

  «Балалар философиясы» әдісі.

Тақырыпты  болжау.

Әңгімелесу

Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

3.Сөздердің мағынасын түсіндіру.

Ризашылық тобы:

 «Ризашылық» деген сөздің мағынасы

Алғыс  тобы:

 «Алғыс»  деген сөздің мағынасы

- Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

 

2.Топпен жұмыс: (Ө, Ж, Т) Ойлан- жұптас –бөліс.

Дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.  

«Ел іші-алтын бесік»

    Халық мақалы

   Сұрақтар:

1. Өз туған жерлеріңнің қандай артықшылығын білесіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

 

3. Кім жылдам?

1. «Жұмбақты ұстап ал» ойыны.

Ыстық дейді оны оттан,

Патриот оны ұнатқан.

Оңбайды бұл өмірде,

Адам оны жоғалтқан. (Отан)

2.  Сұрақ-жауап.

-Картада қандай ел бейнелеген?

-Елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

 -Балалар, сендер білесіңдер ме? 1995 жылы құрылған  Қазақстан халық Ассамблеясы еліміздің барлық этностарын бір шаңырақ астына шоғырландырып, оларды келісім мен татулық жолында біріктірді.     Республикада оқыту толығымен өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс жасайды. 108 мектепте 22 этностың тілдері дербес пән ретінде оқытылады. Мұнан бөлек, 30 этностың тілдері оқытылатын арнайы 195 лингвистикалық орталық ашылған. Ақпараттық өрісте 35-тен артық этникалық газеттер мен журналдар белсенді қызмет атқарады. Ең ірі 6 этникалық республикалық газет мемлекеттің қолдауымен жұмыс жасайды. Газеттер мен журналдар 11 тілде, радиохабарлар – 8 тілде, телехабарлар – 7 тілде таратылады. 

Сондықтанда  Қазақстанда    тұратын  ұлт    өкілдері  елбасымызға, елімізге, халқымызға риза.

 

 5. (Ө, Т, МК) «Поэзия минуты»  әдісі арқылы ««Жер –біздің ортақ үйіміз»»  өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқуы .     Өлең бойынша сұрақтарға  жауап беру.

Жер басып жүрміз, бәріміз,

Ол біздің ортақ үйіміз.

Мәңгілік келген сәніміз,

Табиғат берген сыйымыз.

 

Бұзбасын ешкім сәнімізді,

Жүректе нала қалмасын.

Ауыртып менің жанымды,

Үйімде соғыс болмасын!

 

Жер басып жүрміз бәріміз,

Ол біздің ортақ үйіміз.

Әуелеп шықсын әніміз,

Күмбірлеп шықсын күйіміз.

 

Көбейсін тойлар елімде,

Даламыз нұрмен көгерсін.

Кіршіксіз ашық көгімде

Шарықтап ұшсын көгершін.

Күн төккен ғажап шуаққа,

Жайсыншы сәби алақан.

Болсыншы нұрға бала таң,

Атсыншы күліп жаңа таң.

 

Көк белдің кешіп шалғынын,

Көктемнің көріп жаңбырын,

Сіміріп өстім таң нұрын,

Ризамын саған, тағдырым!

 

Шаттыққа шексіз бөленіп,

Адамға сенсін бүгін ел.

Жақсылықпенен көгеріп,

Дөңгелей берсін жұмыр жер.

 

1.Өз Отанымызға, туған жерімізге риясыз сүйіспеншілікті қалай білдіреміз?

2.Туған жерді көркейтуге қандай үлес қосып жүрсіңдер?

 

«Кім жүйрік?»

 Тапсырма. «Мақалды жалғастыр»

*«Білекті бірді жығады,

Білімді      ............»

*«Туған жердей жер болмас,

Туған елдей    ............»

*«Қоянды қа    ыс өлтіреді,

Ерді  ...........»

«Отан үшін отқа түс  ...........»  

 М. Қорытындылау

-  Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы ел.       «Береке басы- бірлікте» деген халық даналығын сан мәрте есімізге салып, еліміздегі тыныштықты көздің қарашығындай сақтауымыз керек.  

 Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және   «Туған еліме»   тыныш, бақытты күні үшін,   қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

 

«Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет.

Пікірлер себетін толтыру.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Осы сабақта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?

Осы сабақтан кейін Туған еліне деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе қалай?

 

Жаңартылған күні: 05.03.2020 12:06
Құрылған күні: 05.03.2020 12:06

Текст