«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Попечительский совет

 

А.Құсайынов атындағы орта мектебі

2017-2018 оқу жылы

 «Қамқоршылық кеңес»  жиналысының

№1 Хаттамасы

 

08.09.17.

Қатысқандар:  ата-аналар 30 

Қатыспағандар:  жоқ

 

Мектеп жанынан Қамқоршылық кеңес» құру туралы ата-аналар жиналысы

Күн тәртібі:

  1. Қамқоршылық кеңестің құрылуының маңыздылығы мен қызметі туралы.
  2. Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен мүшелерін тағайындау туралы.
  3. Демеушілік пен қайырымдылық туралы.

 

  •  
  1. 1-нші сұрақ бойынша мектеп директоры Құсайынов Ж.А. қазіргі уақытта білім саласында көптеген өзгерістер мен жаңалықтардың енгізіліп жатқанынан хабардар етті. Соның бірі мектеп жанынан «Қамқоршылық кеңестің» құрылуының маңызын түсіндіріп өтті. Қамқоршылық кеңестің қызметінің негізгі жұмысы мен мақсаттарын интерактивтік тақтадан көрсете отырып жан-жақты кең мағлұмат берді. Оның құрамына қандай адамдар тартылуы керектігін де атап өтті. Ең басты мақсат мектеп мәселелерін бірлесе шешу арқылы білім сапасы мен оқушылар тәрбиесінің тәрбиесінің деңгейін арттыру болып табылады. Қоғам назарын білім  саласына аударту, сондай-ақ болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті, терең білімді, толыққанды салауатты азамат болып қалыптасуына жағдай жасау екендігін тілге тиек етті. Осыған байланысты біздің мектеп жанынан «Қамқоршылық кеңестің» құрылу қажет екендігін айтты.
  2. 2-нші сұрақ бойынша сөз алған ауылымыздың құрметті ақсақалы Серік Балағазұлы мектеп жанынан  «Қамқоршылық кеңестің» құрылуы өте құптарлық және маңызды екендігін айта келе барлық қатысушы ата-аналармен ақылдаса келе «Қамқоршылық кеңес» құрамына келесі азаматтарды ұсынды. Олар:
    1. Ауылдағы жеке кәсіпкер Биғайша Ислямова,
    2. «МММ» шағын шаруа қожалығының басшысы Марат Аскаров,
    3. «Калинино» шағын шаруа қожалығының басшысы Жанат Алшынов,
    4. Ауылдағы жеке кәсіпкер Айгүл Оспанова,
    5. Махабат Токсанова,
    6. Айгайша Кусаинова,
    7. Асель Сагандыкова,
    8. Гульбаһарам Кажибаева,
    9. Шолпан Акшабакова.
  3. 3-нші сұрақ бойынша сөз алған тәрбие ісінің меңгерушісі Бейсенбай А. қазіргі уақытта ауылдағы шағын жинақталған мектептердің көптігін және олардың үнемі дамып отыру үшін мемлекет үлкен қолдау көрсетіп отырғанын айтты. Сонымен қатар әрбір ауылдағы қолынан іс келетін азаматтардың да өз ауылындағы осындай шағын мектептерге үнемі демеушілік пен қамқорлық танытып отырса, ол оның азаматтық келбетін танытар еді деді. Мектеп үнемі демеушілік пен қамқорлыққа зәру екендігін бәріңізде білесіздер. Бұл мектепке еліміздің болашақтағы  жарқын ұрпақтары білім алып жатыр. Олар біздің ертеңгі еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосатын азаматтар. Ендеше олардың жақсы жабдықталған мектепте білім алса, оқушылар арасында дарынды және талантты балаларға жағдай жасалса, бәрімізге зор қуаныш болар еді.

Сондықтан дасіздер әр уақытта мектепке зор көңіл бөліп отыруларыңызды қалаймыз.

 

Шешім қабылданды:

 1. Мектеп жанынан құрылатын  «Қамқоршылық кеңес» құрамына төмендегі адамдар сайлансын.

  1. Қамқоршылық кеңестің  төрағасы болып ауылдағы жеке кәсіпкер Биғайша Ислямова сайлансын,
  2.   «МММ» шағын шаруа қожалығының басшысы Марат Аскаров,
  3. «Калинино» шағын шаруа қожалығының басшысы Жанат Алшынов,
  4. Ауылдағы жеке кәсіпкер Айгүл Оспанова,
  5. Махабат Токсанова,
  6. Айгайша Кусаинова,
  7. Асель Сагандыкова,
  8. Гульбаһарам Кажибаева,
  9. Шолпан Акшабаковалар мүшелері болып сайлансын.

 

2. Мектепке үнемі демеушілік пен қамқорлық жасайтын азаматтар мен мектеп ұжымы арасында өзара жақсы қарым-қатынас орнатып, бірігіп жұмыс істелсін.

 

 

 

Мектеп директоры:                  Ж.А.Кусаинов

 

                              Хатшы:                 Г.Р.Досмагамбетова

 

 

А.Құсайынов атындағы орта мектебі

2017-2018 оқу жылы

 «Қамқоршылық кеңес»  жиналысының

№2 Хаттамасы

 

28.03.18.

 

Қатысқандар:  ата-аналар 12 

Қатыспағандар:  жоқ

 

 

Күн тәртібі:

 

  1. Мектептің спорт алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы.
  2. Мектептің кезекті жөндеу жұмыстарына қаржылай көмек көрсету туралы.

 

  1. 1-нші сұрақ бойынша сөз алған Қамқоршылық кеңестің төрағасы Биғайша Сағадатқызы мектеп жанындағы спорт алаңының біраз жылдан бері ата-аналар тарапынан көмек көрсетілмегендігін айтып өтті. Сондықтан биылғы оқу жылында көктем айында спорт алаңына «Қамқоршылық кеңес» мүшелері бастама болып, мектептің спорт алаңын жөндеу жұмыстарына көмектесуіміз керек деді. Бұған барлық кеңес мүшелері бірауыздан қолдайтындарын айтты. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі Марат Аскаров ауылдағы жалғыз білім ошағына көмектесу барлығымыздың борышымыз деді. Ауылдағы оқушылар мен ауыл жастары жазғы уақытта спорт алаңы талапқа сай жұмыс істеп тұрса, ол барлығымыз үшін қуанышты екендігіне тоқталып өтті.
  2. 2-нші сұрақ бойынша сөз алған «Қамқоршылық кеңес» ұйымының төрағасының орынбасары Алшынов Жанат оқу жылының аяқталуға аз қалғандығын, одан кейін мектепте жөндеу жұмыстарының басталатынын естеріне салды. Сондықтан биыл мектепте жөндеу жұмыстарына қаржылай көмек көрсету керектігін айтып өтті. Әсіресе мектептің төбесін жабу жұмыстарына үлкен демеушілік жасау маңызды деді. Төбеден су ағатын жерлердің барлығын дұрыстап жабып берсек, ол біздің балаларымыз үшін жасаған қамқорлығымыз болады.

Барлық кеңес мүшелері мектепке қаржылай көмек көрсетуге келісті.

 

 

Шешім қабылданды:

  1. Сәуір және мамыр айларында мектептің спорт алаңына жөндеу жұмыстарын жасасын.
  2. Мектептің кезекті жөндеу жұмыстарына қаржылай көмек көрсете отырып, мектеп төбесін жабуға көмек қолы көрсетілісін.

 

Қамқоршылық кеңестің төрағасы:                Ислямова Б.С.

 

 

                                                 Хатшы:              Токсанова М.Р.

 

Асқаров Марат

Алшынов Жанат

Оспанова Айгүл

Кусаинова Агайша

Сагандыкова Асель

Кажибаева Гульбахрам

Акшабакова Шолпан

 

 

А.Құсайынов атындағы орта мектебі

2018-2019 оқу жылы

 «Қамқоршылық кеңес»  жиналысының

№1 Хаттамасы

 

15.09.18.

 

Қатысқандар:  ата-аналар 12 

Қатыспағандар:  жоқ

 

 

Күн тәртібі:

 

  1. Мектептің айналасын абаттандыру және жылу қазандығын жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы.
  2. Мектепте болатын ата-аналар жиналысына және әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысу және қаржылай көмек көрсету туралы.

 

  1. 1-нші сұрақ бойынша сөз алған Қамқоршылық кеңестің төрағасы Биғайша Сағадатқызы мектеп айналасын абаттандыру жұмыстарына көмек көрсету туралы айтып өтті. Сонымен қатар жылу қазандығының төбесін жабуға және ішкі жұмыстарына қаржылай материалдық көмек көрсету туралы тілге тиек етті. Бұған барлық кеңес мүшелері бірауыздан қолдайтындарын айтты. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі Марат Аскаров ауылдағы жалғыз білім ошағына көмектесу барлығымыздың борышымыз деді. Ауылдағы мектеп айналасы жайнап тұрса, сондай-ақ  жылу қазандығы талапқа сай жұмыс істеп тұрса, ол барлығымыз үшін қуанышты екендігіне тоқталып өтті.
  2. 2-нші сұрақ бойынша сөз алған «Қамқоршылық кеңес» ұйымының төрағасының орынбасары Алшынов Жанат оқу жылының жаңа басталғандығын, ата-аналар жиналысы үнемі болып тұратындықтан біздің ата-аналар белсенді қатысу керектігін айтып өтті. Сонымен қатар оқу жылы бойы әртүрлі іс-шаралар болып тұрады. Соған «Қамқоршылық кеңес» мүшелері моралдық және қаржылай көмек көрсетудің өте тиімді екенін айтты. Біз үнемі тығыз байланыста боламыз десек бүгінгі айтылған мәселелерді орындасақ, онда бұл ойымыз орындаларына кәміл сенемін деді.

 

Шешім қабылданды:

  1. Қыркүиек және қазан айларында мектептің айналасын абаттандыруға және жылу қазандығын жөндеу жұмыстарына көмек көрсетілсін.
  2. Мектепте болатын ата-аналар жиналысына белсенді қатысу және әртүрлі іс-шараларға  қаржылай көмек көрсете отырып, мектеп пен тығыз байланыс орнатылсын.

 

Қамқоршылық кеңестің төрағасы:                Ислямова Б.С.

 

 

                                                 Хатшы:              Бейсенбай А.

 

Асқаров Марат

Алшынов Жанат

Оспанова Айгүл

Токсанова М.Р.

Кусаинова Агайша

Сагандыкова Асель

Кажибаева Гульбахрам

Акшабакова Шолпан

жүктеу /public/files/2019/4/8/080419_164151_hattama-1.jpg

жүктеу /public/files/2019/4/8/080419_164219_hattama-2.jpg


Текст