Мектеп тарихы
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы Новорыбин ауыл әкімшілігіне қарасты Қараөзек шағын ауылында орналасқан Айтпай Құсайынов атындағы орта мектептің тарихы 1928 жылдан басталады. Осы жылы колхоз ұйымдастырылады да, көнпескіленген көпестің үйінде 4-жылдық бастауыш мектеп ашылады. Бұл мектепке жергілікті тұрғын Хамзин Әлтай мұғалім болып тағайындалады. Ол кісі 1937 жылы репресияға ұшыраған.
Соғысқа дейін Елеуов Жұмабек мұғалім қызметін атқарады, соғыс кезінде – броньмен қалған Елеуов Кәрбай, одан кейін Үсенов Қадыр.
1950-1952ж.ж. – Шукенов Мәскен
1959ж. – Калинин орталау мектебі ашылды.
1961ж. – директоры Әлиев Сарман, одан кейін Құсайынов Тұрлыбек Айткенович тағайындалды.
1967ж. жаңа мектеп ғимараты салынды, ол кездегі директор – Матусевич (Белова) Зинаида Ивановна.
1972ж. – Хафизов Жалел Хафизович
1982ж. – Ахметов Төлеу Төлегенович
1985ж. – Аубакиров Марат Шайхасанович
1987ж. – Кельденова Райхан Абкеновна
1988ж. – қазақ мектебі ашылды.
Қазіргі мектептің ғимараты аяқталмай қалған құрылыстарды бірі болып тұрған. 1997 жылы ескі мектептің төбесі құлағаннан кейін, сол кездегі ауыл басқармасы Асқаров Серік Балағазыұлының бастауымен ата-аналар, жастар екінші қабатта өз күштерімен 5 кабинетті іске қосты, әрбір 2 кабинетті 1 пеш жылытатын болды.
1998-2001ж.ж. мектепті Ақшабақова Шолпан Төкенқызы басқарды.
1999 жылы орта мектеп статусы берілді (Калинин орта мектебі)
2000 жылы орта мектепке осы ауылдың тумасы, өзінің ерен еңбегімен Социалистік Еңбек ері атағын алған Айтпай Бекболатұлы Құсайыновтың аты берілді, бірақ қағаз бетінде 2003 жылы ғана, құжаттары жөнделгеннен кейін, «Айтпай Құсайынов орта мектебі» деп жазыла бастады.
2001 жылы күзде мектеп директоры болып Балабеков Қайырбек Сағынайұлы тағайындалды.
«Жас келсе – іске» дегендей, шаруашылық жағына мығым, «еті тірі» жігіттің басқаруымен жөңдеу жұмыстарының қарқындылығы өсе түсті.
Осы жылы барлық кабинеттер, коридорлар әктелді. Бұл жұмысты орындау каникул кездеріне барлық мұғалімдер, ата-аналар, жұмысшылар күштерін жұмылдыру арқасында ғана мүмкін болды.
2002 жылы күзде, егін жинау науқаны аяқталысымен, ауыл тұрғындары ескі мектеп материалдарын пайдаланып дене шынықтыру залын да іске қосты. Біртіндеп, 2004 жылға дейін барлық кабинеттер ашылды.
Әрине, осы құрылыс жұмыстарының орындалуы, қанша адам қатысса да, демеушілерсіз мүмкін емес. Құрылыс материалдарымен көмек көрсеткен «Новорыбинский и Ко» ЖШС, оның басшылары мен құрылтайшысы Керейбаев Рамазан Шөкібайұлына алғысымыз шексіз. Сол жылы мектепке 20 га жерге егін егіп, оның өнімін іс қылуға көмегін аямаған «Майлыбай», «МММ» шаруашылықтары, «Новорыбинский и Ко» ЖШС арқасында 2-қабаттың еденіне линолеум төселді, кабинеттерге қажетті ұсақ-түйек заттар алынды.
2005-2011 жылдары мектеп директоры қызметін Стамқұлов Б.Қ. атқарды.
Қазір мектепте 8 оқу кабинеттері, дене шынықтыру залы, шеберхана, асхана жұмыс істейді. Информатика кабинетінде 2001 жылы республика бюджетінен берілген 3 компьютер «Celeron 600» мен «Новорыбинский и Ко» ЖШС сыйға тартқан 3 компютер қазіргі таңда ескірген, бірақ 2-еу әл де жұмыс істейді. 2008 жылы жазда аудандық бюджеттің есебінен жаңа буын Celeron (i) 6 (5+1» компьютер орнатылды. Компьютерлер саны көбейгені кабинетті өзгертуді қажет етті, электр жүйесін талапқа сай келтіру, терезелеріне темір тор жасау жұмыстары өзімізде мамандар да, қаражат та жоқтығынан қиындық туғызды. Бірақ, өздері осы ауыл мектебінің түлектері, ауылдасымыз Андросенко Александр Павлович электр жұмыстарын және қазіргі астаналық Алшынов Рамазан Сәрсембекұлы дәнекерлеу жұмыстарын тегін орындап берді.
2011 жылы мамыр айынан бастап мектеп директоры - Уразов Арман Аманжолұлы тағайындалды. Мамыр айында мектептің жылу құбырлары жөнделіп екі қазандық қойылды.2012 жылы мектеп ішінде шағын орталық ашылды.Қазіргі таңда шағын орталықта 2-5 жас аралығында балалар тәрбиеленуде.Соңғы төрт жыл ішінде мектебіміз ҰБТ-дан жоғарғы нәтиже көрсетуде. 2012-2013 оқу жылы -78,5
2013-2014 оқу жылы- 82,67
2014-2015 оқу жылы -89
2015-2016 оқу жылы – 117
2015-2016 оқу жылында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Аманжол Мадина Арманқызы ҰБТ-дан 117 балл алып тұңғыш мектеп тарихында, алтын белгі ие болды.Оқушылар жылда әртүрлі конкурстарға қатысып жүлделі орындар алуда.
Мектеп директорлары
1928-1937 ж.-Хамзин Әлтай
4-жылдық бастауыш мектеп
1937-1950ж Елеуов Жұмабек
Елеуов Кәрбай
Үсенов Қадыр
1950-1952ж. – Шукенов Мәскен
1959ж. – Калинин орталау мектебі ашылды
1961-1966 ж –Әлиев Сарман
1966-1967ж- Құсайынов Тұрлыбек Айткенович
1967ж. жаңа мектеп ғимараты салынды
1967-1972ж – Матусевич (Белова) Зинаида Ивановна.
1972-1982 ж – Хафизов Жалел Хафизович
1982-1985ж – Ахметов Төлеу Төлегенович
1985-1987ж – Аубакиров Марат Шайхасанович
1987-1998ж – Кельденова Райхан Абкеновна
1988ж. – қазақ мектебі ашылды
1998-2001ж -Ақшабақова Шолпан Төкенқызы
1999 жылы орта мектеп статусы берілді
2000 жылы орта мектепке осы ауылдың тумасы, өзінің ерен еңбегімен Социалистік Еңбек ері атағын алған Айтпай Бекболатұлы Құсайыновтың аты берілді
2001-2005ж –Балабеков Қайырбек Сағынайұлы
2005-2011ж-Стамқұлов Бөлтірік Қабылдаұлы
2011 ж-Уразов Арман Аманжолұлы
2016 ж –Мектепте тұңғыш алтын белгі иегері Аманжол Мадина Арманқызы

