Биылғы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай "Бірлік пен келісімнің 30 жылы" атты іс-шаралар жоспары аясында Жалпықазақстандық ашық диктант ұйымдастырылуда.
Бұл бастама ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы 878 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Жоспардың 24-тармағында этносаралық қатынас тілі ретіндегі мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған шараларды өткізу көзделген.
Диктанттың негізі мақсаты-ел тарихында елеулі із қалдырған тұлғалар мен қайраткер лердің өмірі мен еңбегін насихаттау. Бұл- халықтың рухани мұрасын бағалау, отансүйгіштік пен тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі шара.
Осы жылы диктанттың мәтіні - қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналып отыр.
Мұндай диктанттар жастарды мемлекеттік тілге құрметпен қарауға, тарихи тұлғаларды тануға және ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелейді.
#жалпықазақстандықашықдиктант