«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.02.2018 күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық дәстүрлі онкүндіктікке арналған мектепішілік іс-шаралар жоспары бойынша өткізілген ашық сабақтар туралы мәлімет 2017-2018 оқу жылы

09.02.2018

09.02 ақпан күні  А. Құсайынов атындағы орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»  атты Республикалық дәстүрлі онкүндіктікке арналған  мектепішілік іс-шаралар жоспары ары қарай жалғасын тауып,  «Мейірімділік-асыл қасиет» және «Қызыққа толы бұл әлем» атты ашық сабақтар өтті. 3-4 сыныптардың өзін-өзі тану мұғалімі Әсем Аскарова  «Мейірімділік-асыл қасиет» ашық сабағын өте жоғары деңгейде өткізді. Мұғалім мейрімділіктің адам өмірі үшін маңыздылығын жан-жақты ашып көрсетті. Әсіресе оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық талаптары айқын байқалды. Сабақ соңында мұғалім өзінің алға қойған мақсатына толық жетіп, оқушылар бір-біріне мейрімділікке байланысты асыл сөздерді арнап аяқтады. Сонымен қатар өзін-өзі тану мұғалім Бақыт Алшынованың  «Қызыққа толы бұл әлем» атты ашық сабағы өте қызықты және тартысты өтті. Сабақ барысында оқушылар «Жұлдыз», және «Күн деген екі топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Сабақ соңында жеңімпаз топ пен белсенді қатысқан оқушыларды мұғалім атап өтіп, оларға сәттілік тіледі.

Просмотров: 293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст