«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

01-07.02.2018 күндер аралығында«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» аттыРеспубликалық дәстүрлі онкүндіктікке арналған мектепішілік іс-шаралар жоспарының есебі 2017-2018 оқу жылы

09.02.2018

01-12.02 ақпан аралығында  А. Құсайынов атындағы орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»  атты Республикалық дәстүрлі онкүндіктікке арналған  мектепішілік іс-шаралар жоспары бекітіліп,  өткізіліп жатыр.

01.02. күні мектеп әкімшілігі  оқушылардың қатыстырылуымен апталықтың ашылуын (жоспармен таныстыру) өткізді.

02.02. күні іс-шара мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесінен

басталды. Кітап көрмесінде Сара Алпызқызының жазған кітаптары көбірек қойылды. Кітап көрмесінің мақсаты ана мен бала арасындағы шексіз махаббатпен сүйіспеншілікті дәріптеу еді. Кітап көрмесіне барлық сынып оқушылары тартылды. Ал  5-ақпанда іс-шара ары қарай жалғасып, өзін-өзі тану мұғалімі Әсем Аскарова  «Алтын жүрек анамыз» атты тақырыпта мәнерлеп оқу сайысын 3-4 сыныптар арасында ұйымдастырды. Сондай-ақ осы күні өзін-өзі тану мұғалімдері 5-9 сыныптар арасында «Патриоттық, рухани, мейірімділік» атты тақырыпта дебат өткізді.

06.02. күні  Сурет пәнінің мұғалімі мен сынып жетекшілері «Менің әлемім»  шығармашылық көрмесін 1-6 сыныптар арасында ұйымдастырды.

07.02. күні музыка пәнінің мұғалімі «Ән-көңілдің ажары» атты тақырыпта ән байқауын 1-11 сыныптар арасында ұйымдастырды.

 

Просмотров: 327


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст