«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік мерекесіне орай желтоқсан айының 4-15 күндеріне «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты мектепшілік іс-шаралар

29.12.2017

Бүгінгі таңда Қазақтан Республикасының тәуелсіз, дербес ел болғанына 26 жыл толды. Бұл тарихи жыл санаумен алсақ көзді ашып-жұмғанмен бірдей, дегенмен осы жылдар аралығында Қазақ елі басынан небір қиыншылықтарды бастан кешірді.Тәуелсіздік Қазақ еліне оңай жолмен келген жоқ, сонау жоңғар шапқыншылығынан бастап соңғысы желтоқсан оқиғасы аралығында қаншама асыл азаматтарымыз тәуелсіз ел болу үшін қан мен тер төкті. Тарихын ұмытқан ұлттың болашағы жоқ, ол баршамызға аян. Тарихты дәріптеу арқылы бүгінгі жастарды оңайлықпен түспеген тәуелсіздікті сақтап қалуын, әрі қарай дамытуға тәрбиелейміз. Осы негізде Айтпай Құсайынов атындағы орта мектепте қатардан қалмай «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты апталығын өз деңгейінде өткізді.Ең әуелі 28 қарашада «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арнап мектеп айналасы безендірілді.  Апталық 4 желтоқсанда «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты мектепшілік лездемеден басталды. Мұнда апталықтың мақсат, міндеттері жәйлі айтылып, даярлық тобы оқушыларының тақпақ, лебіз өлеңдері айтылды.  Ал 5 желтоқсанда тарих мұғалімі мен аға тәлімгердің бастамасымен  5-11 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  11 желтоқсанда барлық сыныптарда « Менің Тәуелсіз елім» атты сынып сағаттары өткізілді. 4-15 желтоқсан аралығында мектеп кітапханашысы ұйымдастыруымен «Ұлт көшбасшысы» атты кітаптар көрмесі 1-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды.         

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде мектебімізде6-14 желтоқсан аралығында  «Мен – егеменді елдің болашағымын» аттытақырыпта  көркем сурет, қабырға газеттер байқауы 5-11 сыныптар аралығында өткізілді. Бұл іс-шараны сынып жетекшілері және сурет пәні мұғалімі жауапкершілікті алып, жұмысты аяғына дейін қадағалап жеңімпаздарды марапаттады.  8 сынып оқушылары бірінші орынды жеңіп алды.

15  желтоқсанда «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан»  ұйымына  қабылдау салтанатты кеш ұйымдастырылды. «Жас Қыран» ұйымына 3 сынып оқушысы Назар Айдынқызы қабылданса, «Жас Ұлан» ұйымына 8 сынып оқушылары Байзаков Ильяс, Векшин Денис, 9 сынып оқушысы Сериков Ерканаттар қабылданды. Кеш соңы  мектеп ұжымы, оқушылар, қарт ұстаздардың қатысумен   «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты мерекелік шағын концертпен жалғасты.  Бұл іс-шарада апталықты қорытындылап мектеп басшысы Кусаинов Жандос Айтжанұлы құттықтау сөз сөйлеп барша қауымды Қазақ елінің төл мерекесімен құттықтады.Сонымен қатар ауылымыздың құрметті ақсақалы Серік Асқаров қатысып, «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан»  ұйымына қабылданғандарға сәттілік тіледі.

Просмотров: 288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст