«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы сенімі – ел сенімі.

29.12.2017

Ел сенімі – туған халқын шексіз сүйетін, елінің мәртебесін асқақтатып, оның өркендеуі жолында аянбай еңбек етуді ұлы мақсат еткен елінің әрбір шынайы перзенті үшін қасиетті ұғым. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білген дана халқымыз: «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар», - деп,  халқының тағдырын өз тағдырынан жоғары қойған ел ардақтыларын ерекше бағалаған.

Тамырын тереңге жайған тарихымызға көз салып қарасақ, қазақ халқы талай қиын-қыстау заманды басынан өткерді. Бірақ қай кезде болмасын

парасаты мол хан, билеріміз, ержүрек батырларымыз, терең ойлы зиялыларымыз халқының үкілеген үмітінің ақ туын жықпай,ақылы, көрегендігі, батылдығы арқасында елін дұшпанынан қорғап, ауыр күндерді еңсеріп, артта қалдырды. XV ғасырда Шу өзенінің бойында Керей хан мен Жәнібек хан құрған  Қазақ хандығы бүгінгі күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылығымен күннен күнге өркендеп, дамып келе жатқан еңсесі биік, тұғыры берік тәуелсіз мемлекетке айналып отыр.

1991 жылы бабаларымыздың арманы орындалып, Қазақ елінің аспанында азаттықтың туы желбіреді. Билік басына Керей мен Жәнібек хандардың, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, Абылай хандардың ізін жалғастырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді.Халық тұңғыш рет Президентін сайлап, оған қасиетті тәуелсіздігін аманат етіп табыстап, зор сенімін білдірді. Қандай заман тумасын жақсы күннен үмітін үзбеген қазақ халқы Елбасының жарқын болашаққа бастайтынына, елді адастырмайтынына нық сенді және халық сенімінің ақталғанына осы күні көзіміз анық жетіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев аяғын енді ғана «тәй-тәй басқан» тәуелсіз Қазақстан мемлекетін жетектеп, экономикасы тұрақты, білімі кемел, өзге елдермен терезесі тең, толағай табыстарымен аты әлемге әйгілі Қазақ елі дәрежесіне жеткізді.Елбасымыз бұл жолда халық сеніміне селкеу түсірмей,қандай нәтижеге қол

жеткізді?

Елбасымыз бар ерік-жігерін жинап, Қазақстанды дамудың жаңа даңғыл жолына түсірді, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, саяси-әлеуметтік, экономикалық салаларда  жетістіктерге қол жеткізді. Өзінің көрегендігі, сарабдал саясатының арқасында елдегі тұрақтылықты, береке-бірлікті сақтап, өзін Ұлт көшбасшысы ретінде танытты.Тәуелсіздіктің жемісі іспеттес Қазақстанның хақ төрінен сәулеті мен дәулеті келіскен Астанамызды салдыртты. Биылғы жылы Елордамызда баршамыз үшін ірі жетістік болып саналатын «Болашақтың энергиясы» тақырыбында ЕХРО -2017 халықаралық көрмесі өтті. Еліміздің және әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар жоғары деңгейде ұйымдастырылған бұл игі іс-шараға жақсы баға берді. Бұл – халық үшін, Елбасы үшін – үлкен мәртебе.

Нұрсұлтан Әбішұлының: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - деген сөзі арқылы өзінің қазақ ұлттық мемлекетін құру жолында тер төгіп еңбек еткенін және әлі де адал қызмет ететінін аңғаруға болады.

Бұның бір дәлелі - «Рухани жаңғыру» идеясы. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы жарық көргеннен кейін оның шынайы ұлт жанашыры екенін байқадық. Мақалада көтерілген әрбір қазақ азаматының туған өлкесінің көркеюіне үлес қосуы керектігі, сонымен қатар еліне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту үшін  жастарымызға қасиетті жерлерімізді жан-жақты таныстырусияқты мәселелерді қолға алынған келелі істер қатарына жатқызуға болады. Сондай-ақ тәуелсіздікті нығайту жылдары елінің дамуына ат салысқан қазақстандықтардың ісін үлгі ету әрі насихаттау мақсатында «100 жаңа есім»жобасы да Елбасының өз халқының алдындағы аманаты екені даусыз.Қазіргі ғылым мен техника дамыған замандажаһандану айдаһарына жұтылып кетпей,ұлттық болмысын, дүниетанымын, әдет-ғұрпын сақтап қалуды басты міндетке айналдырып отыр.

Мақаланың басты басымдықтарының бірі – қазақ тілін латын қарпіне көшіру. Бабадан қалған қасиетті ана тілімізді сақтап қалу және ғылым тіліне бейімдеу мақсатында латын қарпіне көшіру саяси және тарихи шешім болып қалары сөзсіз. Осы мақаладағы көтерген мәселелерді саралағаннан кейін Елбасының нағыз көреген саясаткер және бабалар аманатына аса жауапкершілікпен қарай білетін дара, кемеңгер тұлға екендігіне ешкімнің де шүбә келтірмесі анық. 

Қазақ халқы – «мың өліп, мың тірілсе де», өзінің ұлттық болмысын, салт-санасын жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп жеткізген дана да дара халық. Мүмкін, көрген қиыншылығының артынан бір жақсылыққа, қуанышқа кенелгені болар, тәуелсіз Қазақстан күннен-күнге өркендеп келеді. 

Көне Түрік қағанатының билеушісі Күлтегін қаған осыдан бірнеше ғасыр бұрын: «Халқына бегі, бегіне халқы сенген ел ұзақ жасайды», - деп айтып кеткен. Ел еріне үміт артып еді, ол оны ақтады, енді ері халқына сенім білдіріп отыр:  бұл - өзінің көтерген бастамаларын қолдап, рухани құндылықтарын қастерлей білген, экономикасы қуатты Қазақ мемлекетінің мәртебесін көтеруге ат салысу. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көшбасшылығымен халқымыздың береке-бірлікте өмір сүруін тілеймін.

 

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст