1- жүргізуші:
Жақсы адам елдің басы серкесіндей
Жұғымды болар елге еркесіндей
Жақсының жүзі жылы, өзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесінде
Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,
Жасынан бірге өскен көкесіндей
Жақсы кісі көркейер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
Бий: Сәнқой (қыздар тобы).
1- жүргізуші: Баланың рухани өсуніне ата мен өженің ықпалы зор. Олар, ең алдымен, балының тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенінде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие.
Ән: Ақ маман! (3 сынып)
2- жүргізуші: Бүгін біздің сүйкті аталарымыз, ақ жаулықты әжелеріміз бізде қонақта. Бізге бар мейрімдерін, бар ықыластарын төгіп келіп отыр. Қош келіпсіздер!
Ән: Аяулым Анашым!
1- жүргізуші:
Мейрімді көзіңді
Қамқоршы сөзіңді,
Кемеңгерім көреген
Өмірге азық өнегең,
Аяулы едіңіздер
Әке- Ана-дей келе,
асыл ата-әжелерімізге, әке-анамызға арнап,мектебіміздің әншілері Ақ көгіршін әні орындайды. (Бәрі бірге)
2-жүргізуші: Халқымызда « Өз балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана
Демесең де жат бөтен
Нағыз бала ойласаң,
Немере екен, тәтті екен.
Көрініс: «Жалқау келін»
Ән: Ертегілер әні. (3 -4 сынып)
1- жүргізуші: Аталарымыз бен әжелеріңзге мындай сұрақтар қойып, әңгімеге тартқымыз келеді.
1. Өз немелеріңізге қандай тәрбие бергіңіз келеді?
2. Немелеріңіздің ұнамай қалған немесе көңіліңізге келетін қандай қылықтары бар? Ондай кезде қандай ойда боласыз?
2- жүргізуші: Ұстаз еңбегі- ұлы еңбек. Сондықтан да ұлыақын Абайдың
«Ақырын жүріп, аңық бас,
Еңбегі-кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға»
- деп айтыунда терең мағына жатыр. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!
Бүгінгі танда қажырлы еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстазымыз Акшабакова Шолпан Тукенова мерекемен құттықтай отырып келесі әнді сыйлаймыз.
Ән: Ұстазым бәріміз
Көрініс: «Торғай»
1- жүргізуші:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ, өзі пәк.
Ата салты-бабаң ардақты,
Әрбір сөзі-салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Ән: Мереке
2- жүргізуші:
Ия, туған соң адам боп
Бейімізден надан жоқ.
Ата сөзін білмесең,
Мұрат айтатын надан деп.
Ата бабаң ардақты,
Жамандаққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Көрініс: « Қарттар үй»!
2- жүргізуші: Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлап, қадірлейік!
Олай болса, алдағы өмірде жүрегі кең, адал, мейрімді,қайырымды азамат болып өсейік! Қарттардың алдында әрқашанда бас иейік!
Енді бүгінгі салтанатты жиынымызға келіп отырған қоңақтарымыздан ақ бата алып,жиынымзды аяқтаймыз.