Текст
А.Құсайынов атындағы орта мектебі
2018-2019 оқу жылы
А.Құсайынов атындағы орта мектебінде 12 қарашадан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Салт-дәстүрім-асыл қазынам» атты мектепішілік
іс-шаралар жобасы бекітіліп, өткізіліп
келеді. Осы жобаның жалғасы ретінде
жоспарға сай 5 желтоқсан күні 1-4 сыныптар аралығында «Ұлттық
өлшем атаулары» атты танымдық сабақты бастауыш сынып мұғалімдері өткізді. Мұндағы
негізгі мақсат қазақ халқының өзіне тән ұлттық өлшем атауларын ұғындыру
арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту арқылы ана тіліне деген құрметін
арттыру еді.