Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша мектебіміздің 5-10 сынып оқушыларының арасында тарих мұғалімі Бейсенбай А. дөңгелек үстел өткізді. Мақаладағы басты айтылған әрбір тақырып бойынша мұғалім жан-жақты тереңірек талдай отырып түсіндірді. Бұл мақаланың шығу себебі қазақ халқының адамзаттың даму өркениетіне, мәдениетіне, тарихына қосқан өлшеусіз үлесі туралы екені анық. Мектеп оқушылары өзара пікірлесу кезінде бүгінгі жас толқын осындай халықтың ұрпағы екенін мақтанышпен айтатындарын жеткізді. Ендеше бабаларымыздың жасаған ерен істерін ең алдымен қазақ халқының өзі жете түсіне білу керек. Дөңгелек үстел барысында оқушылар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы керемет жетістіктерімізді бүкіл әлемге таныту, насихаттау бүгінгі ұрпақ біздердің міндетіміз деген ойларымен қорытындылады.
Орындаған: Бейсенбай А.