«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін өзі тану онкүндік 2019 ж

13.02.2019

01-12.02.2019 күндер аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық дәстүрлі онкүндікке өткізілген мектепішілік іс-шаралар жоспарының

есебі

2018-2019 оқу жылы

01-12.02 ақпан аралығында  А. Құсайынов атындағы орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»  атты Республикалық дәстүрлі онкүндікке арналған  мектепішілік іс-шаралар жоспары бекітіліп,  өткізілді.

11.02 ақпан күні  А. Құсайынов атындағы орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»  атты Республикалық дәстүрлі онкүндіктікке арналған  мектепішілік іс-шаралар жоспары ары қарай жалғасын тауып,  «Мейірімділік-асыл қасиет» және «Қуанышқа толы бұл әлем» атты ашық сабақтар өтті. 2-сыныпта өзін-өзі тану мұғалімі Бақыт Алшынова «Мейірімділік-асыл қасиет» ашық сабағын өте жоғары деңгейде өткізді. Мұғалім мейрімділіктің адам өмірі үшін маңыздылығын жан-жақты ашып көрсетті. Әсіресе оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық талаптары айқын байқалды. Сабақ соңында мұғалім өзінің алға қойған мақсатына толық жетіп, оқушылар бір-біріне мейрімділікке байланысты асыл сөздерді арнап аяқтады. Сонымен қатар өзін-өзі тану мұғалімі Самалгүл Кабикенова  «Қуанышқа толы бұл әлем» атты ашық сабағы өте қызықты және тартысты өтті. Сабақ барысында оқушылар күн және жүрек суреттерін бояу арқылы  өзара сайысқа түсті. Сабақ соңында белсенді қатысқан оқушыларды мұғалім атап өтіп, оқушылар мен мұғалім шаттық шеңберін жасап, бір-біріне  сәттілік тіледі.

12.02.2018 күні  өзін-өзі тану мұғалімі Гулжанат Досмагамбетова  «Өнеге – отбасынан» атты тақырыпта ашық сабақ  ұйымдастырды. Ашық сабақ 5-9 сыныптар арасында біріктіріліп, өткізілді. Сабақ барысында оқушылар «Берекелі отбасы»  және «Бақытты отбасы» деген екі топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Сабақ басында мұғалім тыныштық сәтін өткізіп, оқушыларға жақсы әсер алуларына жылы лебізін білдірді. Ашық сабақта отбасындағы дәстүрлер, ата-ана алдындағы парыздың өтелуі, баланың жауапкершілігі туралы оқушылар өз ойларын білдірді. Екі топтан оқушылар «Бақытты отбасы» сурет салып, суретті мақал - мәтел арқылы көрсете білді. « Берекелі отбасы» отбасы сөзін топтастыру әдісі арқылы көрсетті. Сабақ өте қызықты және тартысты болды. Сабақ соңында оқушылар жүректен жүрекке бір- біріне жылы лебіздерін шаңырақ суретін салып, тілектерін білдірді. Жеңімпаз топ пен белсенді қатысқан оқушыларды мұғалім атап өтіп, оларға шығармашылық табыс тіледі. Мектебімізде өткен онкүндікте оқушылар өздерінің шығармашылық таланттары мен сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгі асыл қасиеттердің артықшылықтарын жан-жақты түсініп, адамгершілік қағидаттарына сусындады.

Орындаған: Өзін-өзі тану мұғалімі Досмагамбетова Г.Р.

 

Просмотров: 720


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст