Нұр Отан партиясының кезекті 18-нші съезі өте ерекше жағымды жаңалықтарға толы болып өтті. Елбасы еліміздегі халықтың шын ықыласына бөленген партияның әлі де атқарар міндеттерінің көп екенін қадап айтты. Партия осы съезде әлеуметтік салаға басымдық бере отырып, маңызды шешімдер шығарды. Әсіресе көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақының көбейетіндігі халықтың көңілінен шыққан өте әділ шешім болды. Сондай-ақ көпбалалы отбасыларға 3-5 пайыздық жеңілдікпен ипотекамен үй беру, асыраушысынан айырылған жетім балаларға және мүгедектігі үшін алатын жәрдемақылар да өсетін болды. Мұның бәрі халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталып отыр. Елбасы өз сөзінде «халқымның болашақта емес, дәл қазір бақытты өмір сүруін көргім келеді» деді. Білім саласында да көптеген өзгерістер болатындығы айтылды. Үш тілділікті дамыта беруді, бірақ оны біртіндеп енгізуді тапсырды. Ең алдымен үш тілде сабақ бере алатын кадрларды дайындау маңызды болмақ. Бұл ғылым мен техника дамыған 21 ғасырда жастарымыз соған лайықты болу үшін жасалып жатқан қадам екені айдан-анық. Ендеше Нұр Отанның 18 съезінде айтылған Елбасының шешімдері мен тапсырмалары ойдағыдай орындалады деп сенеміз.
А.Құсайынов атындағы орта мектебі
Тәрбие ісінің меңгерушісі Бейсенбай А.