А.Құсайынов атындағы орта мектебінің «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шаралардың
Есебі
2018-2019 оқу жылы
А.Құсайынов атындағы орта мектебінде 4-7 наурыз аралығында «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай мектепішілік іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сай өткізілді.
4-5 наурыз аралығында тәрбие ісінің меңгерушісі мен барлық сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 1-10 сыныптарда «Қымбатты да нәзік жандарға» атты тақырыпта тәңертеңкіліктер өткізілді.
5 наурызда мектеп кітапханашысы 1-10 сыныптардың қатыстырылуымен «Ана өмірдің гүлі» атты тақырыпта әдеби кеш өткізді.
4-6 наурыз аралығында сурет пәнінің мұғалімі мен 1-9 сынып жетекшілері бірігіп «Менің анам» атты тақырыпта сурет байқауын ұйымдастырды. Ең үздік сурет анықталып, марапатталды. Сонымен қатар осы 4-7 наурыз аралығында мектеп кітапханашысы 1-10 сыныптарға «Менің жақсы көретін ұстазымның портреті» атты тақырыпта көрме өткізді. Онда оқушылар өздерінің ең жақсы көретін ұстазының портретін салды және бірге түскен фоталарын көрмеге қойды.
7 наурыз күні ауа райының қолайсыздығынан белгіленген іс-шараны директордың тәрбие ісінің меңгерушісі мен бастауыш сынып жетекшісі Алшынова Бақыт «Аяулы анашым» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Ауылдағы барлық аналар арнайы қонақ ретінде шақырылып, оқушылар дайындаған мерекелік концертті тамашалады. Өз балалары дайындаған сыйлықтарын алып, көңілдеріне ерекше қуаныш ұялады.
Орындаған: ТЖО Бейсенбай А. 24877