Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша Караөзек ауылы Айтпай Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсыалуға барлық мектеп оқушылары, шағын орталық тәрбиеленушілері қатысты. Шағын мерекелік бағдарламадан кейін, мектептің спорт залында ұлттық ойындар бойынша жарыстар өткізілді.
Дәстүр бойынша дайындалған Наурыз-көжеден дәм татып, кешімізді мектеп ұжымының оқушыларға дайындаған шағын сыйлықтармен аяқтадық.