А.Құсайынов атындағы орта мектебінің 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқанын (ҰАН) ұйымдастыру және өткізілу жөніндегі іс-шаралардың жоспары бекітіліп, өткізілді.
01.06.2019 ж. күндері мектеп алды алаңында «Балалардың құқығын қорғау» күніне орай 1-8 сыныптар арасында мектеп кітапханашысы мен бастауыш сынып мұалімдерінің ұйымдастыруымен «Балдан тәтті-балалық шақ» атты көңілді кеш өткізілді. Кеш соңында дастархан ұйымдастырылды.
03.06.2019 ж күні «Ертегі әлеміне саяхат» атты сауық кеш ұйымдастырылып, оқушылар жақсы көңіл-күйде болып, балалықтың бал дәурен қызығына толы ертегі әлемінің қызығына батты.
04.06.2019 ж. күні мектептің мәжіліс алаңында мектепшілік демалыс лагері мұғалімдері 1-8 сыныптар арасында «Сенің білімің өз болашағың» атты мектепшілік науқан ұйымдастырды.
05.06.2019ж. күні информатика кабинетінде сынып жетекшілер 5-10 сыныптар арасында «Бала еңбегін пайдалануға қарсымыз» атты сұхбаттасу, пікір-алмасу ұйымдастырды.
06.06.2019ж. күні тарих кабинетінде тәрбие ісінің меңгерушісі және аға тәлімгер 5-8 арасында «Жат қылықтардан аулақ бол» атты пікір-сайыс өткізді.
07.06.2019ж. күні «мектепшілік демалыс «Балапан» лагерінде бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-5 сыныптар «Жұмбақтар әлемі» атты ертегілер әлеміне саяхат жасады.
08-10.06.2019 ж. күндері мектептің мәжіліс залында мектеп әкімшілігі 1-10 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Баланың демалысы мен қауіпсіздігі» атты тақырыпта пікір алмасу болды.
11.06.2019 ж. күні спорт алаңында дене шынықтыру пәні мұғалімі1-8 сыныптар арасында «Спорт денсаулық кепілі» атты спорттық эстафета өткізді.
1-12 маусым аралығында күн сайын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға тәлімгер және сынып жетекшілері «Бала еңбегін пайдалануға қарсылық» атты мектепшілік рейд жүргізді.
12.06.2019 ж. күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына Бала еңбегін пайдаланудағы түйткілді мәселелерді БАҚ-на жариялау және өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты аудан оқу бөліміне уақытында хабарлап, есебін беру жүктелді.
Орындаған: ТЖО Бейсенбай А. 24877