Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша
Караөзек ауылы Айтпай Құсайынов атындағы
жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
А. Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Б. Т. Алшинова 2/3-сынып оқушыларымен "Бірлігіміз жарасқан" атты тәрбие сағатын ұйымдастырып, өткізді.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.