03.10.2019
А.Құсайынов атындағы орта мектебінің жалпы ұлттық ата-аналар жиналысының
№1 Хаттамасы
«ХХ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана өз балаңа үлгі бол»
2019-2020 оқу жылы
25.09.2019 ж.
Қатысқандар: ата-аналар 15
Қатыспағандар: жоқ
Күн тәртібі:
- Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жетістіктері.
- Мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру.
- Ата-аналардың өз балаларының алдындағы жауапкершілігінің маңызы.
- Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту және мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қызметі.
Тыңдалды:
- Мектеп директорының міндетін атқарушы Базылова Б.С. ең әуелі бұл жалпыұлттық ата-аналар жиналысының өткізіліп отырғандығының маңызына тоқталып өтті. Сонымен қатар 1-нші сұрақ бойынша Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жетістіктерін айтып шықты. Мемлекетіміздің білім саласы бойынша жеткен жетістіктері әлі де ары қарай дами беретіне кәміл сенетінін айтты.
- 2-нші сұрақ бойынша сөз алған тәрбие ісінің меңгерушісі Бейсенбай А. мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру жөнінде тоқталды. Елбасымыздың 2017 жылғы 12 сәуірде шыққан «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының маңыздылығын жан-жақты түіндіріп өтті. Мақаладағы негізгі іске асыруға тиіс алты бағыттың әрқайсысына жеке тоқталып, бүгінгі күнге дейін Республика көлемінде атқарылған іс-шаралардан хабардар етті. Сондай-ақ өткен оқу жылында мектеп оқушыларының «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген облыс, аудан көлеміндегі іс-шараларға қатысып, жүлдегер атанғандарын да айтып өтті.
- Келесі сұрақ бойынша сөз алған тәрбие ісінің меңгерушісі Бейсенбай А. қазіргі уақытта ата-аналардың жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Әрбір отбасы кішігірім мемлекет. Әр мемлекеттің шаңырағы мықты, тәрбиесі ерекше болса, болашақ ұрпақ балаларымыз жақсы азамат болып өсері хақ. Ендеше әрбір ата-ана өз баласына үлгі болу керек. Халқымыз «әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген. Бұл сөздің маңызы әр әке мен шеше өзінің адмгершлік қасиеттерімен баласына үлгі алатын тұлға болуы керек екендігін білдірген. Қазіргі таңда ата-аналардың өз баласының алдындағы жауапкершілігі төмендеп кеткен. Біз тез арада қоғам алдындағы міндетіміздің бірі балаларымызды дұрыс жолда тәрбиелеуді қолға алмасақ, оның соңы қиын болатындығын ескертті. Үлгілі ата-ана болудың көптеген жолдары мен мысалдарын айтып берді.
- 4-нші сұрақ бойынша мектеп директорының міндетін атқарушы Базылова Б.С. қазіргі уақытта білім саласында көптеген өзгерістер мен жаңалықтардың енгізіліп жатқанынан хабардар етті. Соның бірі мектеп жанынан «Қамқоршылық кеңестің» құрылуының маңызын түсіндіріп өтті. Қамқоршылық кеңестің қызметінің негізгі жұмысы мен мақсаттарын интерактивтік тақтадан көрсете отырып жан-жақты кең мағлұмат берді. Оның құрамына қандай адамдар тартылуы керектігін де атап өтті. Ең басты мақсат мектеп мәселелерін бірлесе шешу арқылы білім сапасы мен оқушылар тәрбиесінің тәрбиесінің деңгейін арттыру болып табылады. Қоғам назарын білім саласына аударту, сондай-ақ болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті, терең білімді, толыққанды салауатты азамат болып қалыптасуына жағдай жасау екендігін тілге тиек етті. Осыған байланысты біздің мектеп жанынан «Қамқоршылық кеңес» құрылып жұмыс істеп жатқанын, олардың биылғы оқу жылында мектепке жасаған қаржылық көмектері мен мектептегі басқа да әртүрлі сұрақтарды шешуге көмектескені үшін ұжым атынан ризашылығын білдірді.
Шешім қабылданды:
- «Рухани жаңғыру» аясында жүріліп жатқан облыс, аудан, мектеп көлеміндегі іс-шарларға оқушылар үнемі қатыстырылсын және ата-аналар тарапынан қолдау көрсетілсін.
- Ата-аналар өз балаларының тәрбиесін үнемі бақылауда ұстап, үлгі көрсетуге басты назар аударсын.
- «Қамқоршылық кеңесі» мен мектеп ұжымы арасындағы байланысты нығайту жұмыстары ары қарай жалғастырылсын.
- Ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты күшейтуді және ата-аналарға арналған мектеп бұрышына жаңа ақпараттармен толықтыру қолға алынсын.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Кубриянова Г.Ж.
Хатшы: Досмагамбетова Г.Р.