«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Экосағат

03.10.2019

А.Құсайынов атындағы орта мектебі

2019-2020 оқу жылы

Республика көлемінде Экологиялық ұйымдар қауымдастығының бірлескен бастамасы бойынша  Экосағаттың өткізілгені туралы

Ақпарат

Республика көлемінде жүргізілетін Экологиялық ұйымдар қауымдастығының бірлескен бастамасы бойынша А.Құсайынов атындағы орта мектебінде  3-нші қазан күні  барлық сыныптарда «ЭКО-сағат – Қазір баста!» атты ұранмен Экосағат өткізілді. Мақсаты оқушылармен табиғатқа, туған өлкеге ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды сақтау, өсімдік және жануарлар әлемін, су ресурстарын сақтау, салауатты эко-әдеттерді: экодемалысты, ТҚҚ бөлек жинауды, дұрыс тамақтануды дамыту және көптеген басқа мәселелерді талқылай отырып, диалог жүргізу арқылы қоршаған ортаны құрметтеуге, табиғатты аялап сүюге үйрету болып табылады. Экосағат бастауыш сыныптарда «Егер жер алма болса», 5-8 сыныптарда «Жер температурасы» 9-11 сыныптарда «Мұхиттар қауіпті жағдайда» атты тақырыптарда өткізілді. Сабақ барысында экология тақырыбындағы көрнекілік құралдар мен арнайы дайындалған анимациялық бейнероликтер пайдаланылды. Экосағатына мектептің барлық 33 оқушысы түгел қатыстырылды. Сонымен қатар сағат 10.00-да мектеп ауласына мектептің барлық  оқушылары мен мектеп ұжымы 50 түп алма ағашын отырғызды. 

          Орындаған:  ТЖО Бейсенбай А.

 

 

 

 

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст