Текст
3-ші қазан күні мектебімізде "Ұстаз - ұлағатты есім" атты ұстаздар күніне арналып кеш өткізілді. Бұл кешті 9-сынып жетекшісі Кажибаева Гүлбахрам ұйымдастырды. Мектеп оқушылары кеш барысында өз ұстаздарына бар өнерлерін салып, жүрек жарды тілектерін білдірді. Кеш өте жоғары деңгейде өтті. Мектептегі барлық ұстаздар осындай кеш ұйымдастырған оқушыларына өз ризалықтарын айтты.