Биылғы жылдың 11 қазанында А.Құсайынов атындағы орта мектебінде Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік жиын қарттарымызға арналған ән-шашу — мерекелік концертпен ашылды. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Бейсенбайұлы өз сөзінде қазір ардагерлерге әрдайым мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетілетіні туралы атап өтті. «Бүгін үлкен мереке. Біз әрдайым үлкендерге құрмет көрсетуді естен шығармаймыз. Тек осы күні ғана емес, оларға деген ыстық ілтипат ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Өйткені, олар өміріміздің жарқын болуына ерекше үлес қоса білді», — деді сөз орайында. Аталған мерекелік жиынға зейнеткерлер мен еңбек ардагерлері қатысып, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ақ дастархан жайылып, зейнеткерлеріміз көтеріңкі көңіл-күймен отырыс жасады.