А.Құсайынов атындағы орта мектебі
2019-2020 оқу жылы
«Адалдық сағатының» өткізілгені туралы
ақпарат
Халық арасында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында 16 қазан күні сағат 11.00-де А.Құсайынов атындағы орта мектебінде мұғалімдер ұжымының арасында «Адалдық сағаты» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында қазіргі қоғамның басты қауіпті дертіне айналып отырған жемқорлыққа қарсы тұрып, оны ауыздықтаудың көптеген тиімді жолдары туралы өзара пікір алмасты. Мұғалімдер қауымы өзінің алдында білім нәрімен сусындатып жатқан шәкірттерін адал болуға тәрбелей отырып, Отан алдындағы жауапкершілігі зор азаматтарды қалыптастыру негізгі борышымыз деді. «Адалдық сағатында» директордың оқу ісі бойынша орынбасары барлық мұғалімдерге бүгінгі елімізде орын алып отырған қоғамдық дерт сыбайластық жемқорлықтың негізгі себептерін айта отырып, мемлекет тарапынан бұл қылмыстың алдын-алу бойынша арнайы заңдар қабылданып, көптеген жұмыстар өткізілгені жайлы айтып берді.