«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Роза Бағланованың 100 жылдығына орай "Қазақ ән әлемінің падишасы" тақырыбында танымдық сағаты

09.11.2022

А.Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі

Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген алаштың ай маңдайлы аруы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай  бастауыш сынып оқушылары арасында "Қазақ ән әлемінің падишасы" тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.
Танымдық сағатының мақсаты: 
Қазақ халқының әншісі Роза Бағланова өмірі мен шығармашылығын таныстыру;
Қазақ музыкасын дәріптеу, халқымыздың мақтанышына айналған халық әншісін насихаттау,  өнердегі жолын үлгі ету.
Сабақ барысында Әнші Роза Бағланова туралы видеоролик көрсетіліп, оқушылар өздеріне сұрақ-жауап арқылы мағлұмат ала отырып, әншінің өмірінен тың деректер, сахна төріндегі жарқыраған жұлдызды сәттері жайында қызықты естеліктермен танысты.
"Кім көп біледі" әдісі негізінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылды:
-Роза Бағланова апамыз жайында не білесіңдер?
-Қай елдерге гастрольдік сапарда болған?
Оқушылар қойылған сұрақтарға жарыса жауап беріп, белсене ат салысты
Өткізген :Бастауыш сынып мұғалімі-Нуржайна.Х

Просмотров: 215

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст