«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаңа жылда жаңа жыр»

31.12.2019

«Жаңа жыда жаңа жыр»

   Жаңа жыл – барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді отбасылық мерекелердің бірі.  Жаңа жыл келгенін білдіруі, жаңажылдық сыйлықтар, ғажайыптар мен жақсылыққа сену – бәрімізге ортақ.

Сол себепті, біздің А.Құсайынов атындағы орта мектебінде Жаңа жыл мерекесіне үлкен мән береді.  

  27.12.2019 жылы мектебімізде «Жаңа жыл жаңа жыр» мерекесі 1-11 сынып оқушыларына ұйымдастырылып өткізілді.  

   Айының алғашқы күнінен бастап сынып жетекшілері оқушыларымен  жаңа жылға өлең, ән  жаттаудан бастады.  «Теңіз қарақшылары»,  «Джентельмен» және т.б. би дайындады. Жаңа жыл тақырыбы бойынша әңгімелер жүргізді.  

     Мереке ауылымыздың мәдениет ошағында өтті. Зал, сахна, алуан түрлі ойыншықтармен безендірілген әсем шырша. Мәдениет ошағын безендіруге үлкен жұмыс атқарылды. 

   Жаңа жылдық мерекеде балаларға  көңілді болды. Және олардың үміттері де ақталды. Жаңа жылдық қойылымға қатысқан ұстаздар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, шеберлігін, ынта-жігерін және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін жақсы әртістер ретінде көрсетті. Олар әртүрлі кейіпкерлердің: сайықмазақ, Мыстан кемпір және т.б.  ролін сомдап  шықты. Ал, мектебіміздің  9-11  сынып оқушылары Ақшақар мен Аяз Ата, Күлше қыз және Ханзада сияқты кейіпкерлердің рөлдерін атқарып, мерекелік көңіл-күйді қалыптастыра білді.

   Кейіпкерлер балаларды ертегілер әлеміне апарады. Балалар   қызықты конкурстарға да қатыса алды. Аяз ата келуімен шынайы мереке ән мен билерден басталды. Тұсаукесерден кейін балалар Аяз Ата мен Ақшақарға тақпақтарын оқыды, кейіпкерлермен суретке түсті, Жаңа жылдық сыйлықтар алды.

   Мереке өте қызықты  және көңілді өтті. 
  Жаңа жылдың ең маңызды дәстүрі – тілек тілеу  де ұмытылған жоқ.

Жаңа жылдық кешке белсенді қатысқан барлық ата-аналарға және ұстаздарға мектеп директоры Ж.А. Кусаинов  тілек айтып, алғысын білдірді.

 

Алшинова Б.Т.

 

Просмотров: 278


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст