Тақырыбы: Темекі зияны
Мақсаты:Темекінің адам ағзасына келтіретін зияны және одан туындайтын аурулардың түрлері туралы түсіндіру. Темекінің тарихына тоқталып, атақты, зиялы адамдардың темекі жайында айтқан пікірлерімен таныстыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: сұхбат, ой-пікір алмасу, тарихқа шолу жасау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: бейнетаспадан көрсетілетін материалдар, қанатты сөздер.
Барысы:
Мұғалім: Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. XV ғасырдың аяғына дейін бұл өсімдікті Америка континентінің байырғы тұрғындарынан басқа ешкім де білмеді. Испандықтар1492 жылы Куба аралына келіп, ол жерде қасиетті шөп деп танып және емдік құрал ретінде қолданатын өсімдік жапырағын жағудан шыққан түтінді ішке жұтып отырған жат адамдарды көреді. Осы дәйекке сеніп, Колумбтың серіктестері «темекі» деп аталатын бұл өсімдіктің тұқымын Испанияға және Португалияға алып келеді.
1-оқушы: «Темекі» деген сөз Табаго деген арал атынан шыққан көрінеді. 1492 жылы 15қазанда Колумб экспедициясымен қазіргі Орталық Америка жағалауларына келген Испан матростарының айтуынша, «тобаго» деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған.
2-оқушы: XVI ғасырдың екінші жартысында темекі дәрілік өсімдік ретінде кеңірек тарала бастады. Темекіні иіскеді, түтікше арқылы шекті, шайнады, әр түрлі заттармен араластырып, суықтан ауырғанда, бас және тіс ауырғанда, тері және жұқпалы ауруларды емдеу үшін қолданды. XVII ғасырдың ортасында шу болған Бокарме графтың сот ісі лайықсыз және жарамсыз деп жариялады. Өзінің атақты «Темекі шегудің зияны» деген 1604 жылы жарық көрген еңбегін мынадай сөздермен аяқтапты: «...көз үшін зиянды әдет, иіскеуге болмайтын, ми үшін өлімге әкелетін, өкпе үшін қатерлі...»
Мұғалім: Дәрігерлер әрбір темекінің адам өмірін 15 мин. қысқарта алатынын дәлелдеді. Темекі түтінінен тыныс алу мүшелері көп зақымданады, созылмалы бронхит, созылмалы пневмония, өкпе эмфиземазы секілді аурулар күшейеді.
Кесте көрсетіледі, кестені екі оқушы талқылайды.
Темекіде көптеген зиянды заттар болады. |
Темекі шегу қартаю үдерісін тездетпейді. |
Темекі түтіні балаларға ауыр тиеді. |
Темекі түтіні балаларға ауыр тиеді. |
Темекі жеңіл есірткі. |
Темекі шегу денсаулыққа зиян емес. |
Темекіні тастау өте қиын. |
Темекіні тастау оңай. |
Темекіге көп қаржы жұмсалады. |
Темекіге жұмсаған қаржыны үнемдеуге болады. |
Өкпеге көп қойыртпақ және түтін жиналады. |
Темекі көздің көруіне зиян келтірмейді. |
Никотин жүйке жүйесін бұзады. |
Никотин жүйке жүйесін қалпына келтіреді. |
Темекі шегу – зиянды әдет. |
Зияны жоқ темекі болады. |
Қорытынды:Адам темекіден бас тартқысы келсе, ол төменде берілген мына кеңесті жадында ұстауы қажет.
1 жылда -?
Жауабы: 365*50 = 18250