Жаңа жыл әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Қоян жылын артқа тастап, айдаһар жылын да қарсы алдық.
А. Құсайынов атындағы негізгі орта мектебінде Операция "Ө" атты мерекелік іс шара ұйымдастырылды. Балаларды қарсы алған Аяз Ата мен Ақшақар, Қарақшылар, қоян, айдаһар және т.б кейіпкерлер қонаққа келді. Аяз Ата мен Ақшақармен бірге балалар ойын ойнады, биледі, балалар өздерінің өнерлерін көрсетті. Ең әдемі киімге сайыс өткізілді,соңында барлық балалар сыйлық алды, бірде бір бала сыйлықсыз қалған жоқ. Оқушылар 2 топқа бөлініп, тапсырмаларды орындады. Шыршаны айнала би билеп, ән салып, Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жыл мерекесі ойдағыдай өтті
#4тоқсан4өнер#біртұтас_тәрбие
#medetbekovameruert
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
@rumcdo_official
#жаңажыл
#ертеңгілік