Педагог өз білім деңгейін жаңғыртып, біліктілігін арттырып отырғаны жөн. Бүгін «А.Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» КММ педагогикалық ұжымына мектеп директоры Сулейменова М.Қ. педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережелері мен шарттарының жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмысы екі форматта өткізілді.
Түсіндіру жұмысы барысында «Өрлеу» БАҰО қызметкері Г.М.Сағындықова қосылды.
Ең өзекті мәселе аттестациядан өтетін педагогтармен өткізілетін жұмыстың негізгі мазмұны мен оның заман талабына сай ұйымдастыру тұрғыда тиімділігінде болып отыр. Сондықтан педагогтың құзіреттілігінің үздіксіз артуы, аттестацияға сапалы дайындығы білім беру ұйымында ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар мазмұны мен түрінің өнімділігіне тікелей байланысты.