«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

А. Құсайынов атындағы орта мектебінің Қазақстан қарулы күштерінің құрылуының 28 жылдығы мен Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар

11.05.2020

А.Құсайынов атындағы орта мектебінде 4-8 мамыр аралығында Қазақстан қарулы күштерінің құрылуының 28 жылдығы мен Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығын орай іс-шаралар жоспары бекітіліп, қашықтан WhatsApp  мессенджері арқылы өткізілді.

04.05.2020 ж. күні барлық сынып жетекшілері «7-мамыр Отан қорғаушылар күні» атты тақырыпта қашықтан WhatsApp  мессенджері арқылы

сынып сағатын өткізді.

04-06.05.2020 ж. күндер аралығында  тәрбие ісінің меңгерушісі мен сынып жетекшілері 2-7 сыныптар арасында қашықтан WhatsApp  мессенджері арқылы  «Отанды қорғау- парызым» атты тақырыпта мектепішілік сурет байқауын ұйымдастырды. Ең үздік суреттер анықталып, мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс жарияланды.

08.05.2020 ж. күні АӘД  мұғалімі мен музыка пәнінің мұғалімінің бастамасымен Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына арнап  «Ер есімі ел есінде» атты тақырыпта ән айтудан 10-11 сыныптар арасында челлендж ұйымдастырылды.

04-08.05.2020 ж. күндер аралығында қазақ тілі мен орыс тілі пәнінің мұғалімдері 5-11 сыныптар  арасында қашықтан WhatsApp  мессенджері арқылы  «Ерлердің ерлігі ұмтылмайды» атты тақырыпта шығарма сайысын өткізді. Ең үздік шығарма 11 сынып оқушысы Әмина  Жанайдың шығармасы деп танылды.

Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст