«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мейірімділік – адам баласының ең асыл қасиетінің бірі» тәрбие сағаты

03.03.2018

Мақсаты:

«Мейірімділік», «қайырымдылық», «адамгершілік»  құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Мейірімділікке тәрбиелей отыра, қамқорлық,  қайырымдылық  жасауға жетелеу.

М: Сәлеметсіз бе, амансыз ба, есенсіз бе құрметті жиналған қауым.  «Мейірімділік – адам

баласының ең асыл қасиетінің бірі»  атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

«Табиғаттағы  барлық жылу –күннен,

Өмірдегі барлық жылу-адамнан.» (М. Пришвин) -оны білеміз мен де, сен де, сіз де олар да.

Шаттық шеңбері: - Ал, балалар, орнымыздан тұрайық, «достар» шеңберін

құрайық. (Балалар шеңберге тұрады)

Бір-бірімізбен сәлемдесіп, жылу сезімге бөленіп, өлең шұмақтарын қосылып айтайық:

Мен сені жақсы көремін, Өзіңе алғыс айтамын.

- Балалар, қолдарың жүрек тұсында. Бір сәт жүрек дүрсілін тындап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы жылу мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен

алған жылуымызды түсіріп алмай ( қолымызды бірден төмен түсірмей) оң жағымызда тұрған досымыздың сол қолына салып, қолын қысайық. Осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік.   (Балаларға  

Топқа бөлу: Молекула ойыны.

І- бөлім: «Сыр сандық».

М: - Балалар, Абай атамыз  «Махаббатсыз дүние – бос» -        деп айтқан еді.    Расында, махаббат болмаса, адам-адам болудан қалады. Өмірінің негізін жоғалтады. Өйткені, махаббат- өмір өзегі, үлкен құдіретті күш. Махаббат – ол сенімді дос. Махаббат ол - Отан. Махаббат ол-шексіз бақыт. Махаббат-еркіңнен  тыс арманға апаратын, жүрегіңнің төрінен алған, адам жанына ерекше өзгеріс енгізген, адам сөзбен айтып жеткізе алмайтын –Ұлы сезім.

 Адам бойындағы мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық т.б. көптеген асыл қасиеттер – осы ұлы

сезімнен бастау алады.

(М) «Мейірімділік  бастауы – Махаббат!» деген негізгі ойды қалай түсінесіңдер, талқылау.

  Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі  таза, сезімі сергек болады.  Ондай адамдар әр істе көрегендік таныта біледі. Рақым, қанағат, әділдік және қайырымдылықпен жасаған жақсылығының  жемісін, рақатын көреді.

 ІІ-кезең: Ш.Құдайбердиевтің  қанатты сөзі. 

 «Мейірімділік, махаббат,  қайырымдылық, адалдық – ақ жүректен шығады».

- Қөзқарас, себеп   бірізділігін сақтай отырып бір мысал келтірейік.

Көзқарас. «Мейірімділік, махаббат,  қайырымдылық, адалдық – ақ жүректен шығады».

Себебі. «Пейілі кең, ниеті адал, арамдығы жоқ, көңілі таза адамдар ешкімге жамандық жасамайды, жүрегі сүйіспеншілікке толы болады.»

Мысал. Мысал келтіру.

Тренинг. «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.

Жаттығу барысы

Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.

Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?

Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

ІІІ-бөлім. Постер: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

  Адам баласы туа салып айқалап жылап, қасына адам жинайды, анасын іздейді. Дос іздейді. Махаббат

іздейді.  Дегенмен, ол бақытты. Ойткені, оны қоршаған орта бар, ата-анасы бар, біз бармыз - жүректері жылулыққа толы адамдар.

Жүрегінде жылуы бар адам- жылы жүзді, сүйкімді, кеңпейілді.

Жүрегінде жылуы бар адам көмекке мұқтаж адамға жақсылық жасап, қамқорлық таныта біледі.

Жүрегінде жылуы бар адам- мейірімді.  Сондықтан да ол бақытты.

Жүректен жүрекке.

 М: - Достарым, біздің жүректеріміз мейірімге,  қайырымға, махабатқа, жылы сезімге толы. Жақсылықтың бәрі жүректен шығады.  Бірақ біз жүрегімізге алғыс айтуға ұмытып кетеміз.

 Оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап, жүрек түпкіріндегі сезімдерге ризашылықтарымызды білдірейік.

-Менің мейірімді жүрегіме рақмет!

- Менің жылы  жүрегіме рақмет!

- Менің  жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рақмет!

- Менің жүрегімнің қуана білетіне рақмет!

- Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет!

Қортындылай келе,  айтқым келеді: Мейірімді болыңыздар!

 Мейірімділік – адам баласының ең асыл қасиетінің бірі. 

 

 

Просмотров: 339

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст