«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ ШЫҒАРАДЫ

02.11.2017

Қазанның 28 күні А.Құсайынов орта мектебінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың

латын тіліне көшу Жарлығына қол қоюына байланысты ауыл тұрғындары, мұғалімдер

және ата-аналар арасында дөңгелек үстел  өтті. Пікір алмасу барысында мектеп әкімшілігі

жағынан ауыл тұрғындарына бұл шара туралы мәлімет беріліп, оның біздің ел үшін қаншалықты

маңызды екені түсіндірілді.

       А.Бейсенбай: Қазақ тілін латын

қарпіне көшіру Елбасымыздың мақаласындағы негізгі басымдықтарының бірі болып

табылады.               Қазан айының 26 күні латын қарпінің соңғы

үлгісі халық талқылауынан өтіп, Елбасымыз жарлыққа қол қойып, қолданысқа

берілді.Ал, 2018 жылдан бастап латын қарпін үйрететін мамандарды даярлау

басталады. Оған республикалық бюджеттен 600млн теңге бөлініп отыр.  2022 жылы мектеп табалдырығын аттайтын 1-сынып

оқушылары латын әліпбиін үйрене бастайды.                                                                                                      

Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану процесі жүріп жатқан уақытта қасиетті

ана тіліміз қазақ тілін аман сақтап қалу және ғылымға, интернет тіліне

бейімдеу. Сонымен қатар қазақ тілінің үндестігін сақтау. Сондықтан бәріміз

Елбасымыздың латын қарпіне көшу идеясын қолдауымыз қажет.

Б.Базылова: Мен де қазақ тілінің үндестігін сақтау үшін латын әліпбиі ең

қолайлы  екенін қолдаймын. Және бізге осы

латиницада оқып-жазуды үйрену көп қиындық туғызбайды деп ойлаймын.

   Нәтижесінде

барлық қатысушылар осымен келісіп, алдағы уақытта ат салысып,

мүмкіндігінше  жаңа әліпбиді  енгізу және үйрету жұмыстарына қолдау көрсетуге

дайын екенін білдірді.

Просмотров: 284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст