«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени Айтпая Кусаинова села Кара-Озек отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдеп сынып сағаты

05.11.2018

Тәрбие

ісінің меңгерушісі:_________

Сынып сағаты

Күні: 5.11.2018 

Сабақтың тақырыбы:  Әдепті бала- арлы бала.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа,

кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз  халқының салт- дәстүрін үйрене отырып, жаман

әдеттерден аулақ  болуға  тәрбиелеу.

Білімділік: оқушылардың тіл байлығын,

таным белсенділігін арттыру; өз ойын жүйелі 

түрде толық жеткізуге дағдыландыру;

Дамытушылық: адам бойындағы

ұнамды-ұнамсыз  қылықтарды айыра  отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл

байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: әдептілікке, сыпайылылыққа     тәрбиелеу.

Қөрнекілік:  Адамгершілікке байланысты   түрлі 

суреттер: жаман жолдас, үлкенді құрметтеу, кішіге   қамқорлық жасау,  аналарды сыйлау.

Өсиет мақалдар: *Әдепті бала- арлы бала,

  Әдепсіз

бала-сорлы бала.

*Жаманға айтқан ақылың,

 

Далаға  атқан  оқпен тең.

*Татулық- табылмас 

байлық.

*Жақсы адам –елдің ырысы,

 Жақсы

жер-жанның тынысы.

І.Сабақтың барысы:

1. М: Сәлеметсіз бе, амансыз ба, есенсіз бе

құрметті балалар.  «Әдептілік – ең асыл қасиет»

 атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер.

Шаттық

шеңбері: - Ал, балалар, орнымыздан тұрайық, «достар» шеңберін құрайық. (Балалар

шеңберге тұрады)

Бір-бірімізбен сәлемдесіп, жылу сезімге бөленіп,

өлең шұмақтарын қосылып айтайық:

Мен сені жақсы көремін,

Мен үшін өкінішті.

Өтінемін кешір мені,

Өзіңе алғыс айтамын.

- Балалар, қолдарың жүрек тұсында. Бір сәт жүрек

дүрсілін тындап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға,

махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы жылу мейірім жүректен шығады.

Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмай ( қолымызды бірден төмен

түсірмей) оң жағымызда тұрған досымыздың сол қолына салып, қолын қысайық.

Осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік.  

(Балаларға алғыс айту)

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Бүгінгі 

заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан- деп Абай атамыз

айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор

болсаң өсе келе ата-ананың, отаныңның мақтанышы боласың.

3. Ой ашар.

- оқушыларды жаңа сабақ тақырыбы, мақсатымен

таныстыру;

- тақтадағы сөйлемді оқу

 Әдепті

бала- арлы бала

 

-                    

 «Әдепті бала- арлы бала» сөйлемін қалай түсінесіздер?

-                    

Әдептілік сөзі қандай мағына береді?

-                    

«әдепті» сөзіне ассоциация  құру;

 

     

   -  Сонымен, әдепті бала деген қандай бала? ( жақсы

бала, мейірімді, білімді, тәртіпті,    ұқыпты, таза жүреді, адал, үлкендерді сыйлайды,

шыншыл...)

-                    

Әдепті болғын келе ме?

-                    

Әдептілікті бізге кім үйретеді? (Ақылдықты, адалдықты,

кішіпейілдікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, тәрбиеші,

ұстаздарымыз үйретеді. Жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілімен

бойымызға сіңіреміз)

-                    

 Әдепсіз адам

қандай болады? (  жаман бала,  тіл алмайды, өтірікші, нашар оқиды,

еріншек...)

  Демек,

адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Біз бойымызға тек жақсы

қасиеттерді сіңіру керекпіз.  Жақсы бала

жақсы қасиеттерді қабылдап, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ

болуға тырысу керек.

-                    

Біздің мектепте 

әдепті балалар бар ма?

Кімді сендер әдепті деп санайсындар? (балалардың жауабы)

Әдептілік жайында мақал мәтелдермен жұмыс

(мақал мәтелдің басы оқылады да,

сонғы сөзі оқушылар табады)

·      

Әдептіліктің белгісі

(иіліп сәлем бергені)

·      

Үлкенге құрмет,

(кішіге ізет)

·      

Әдепті бала арлы бала,

(әдепсіз бала сорлы бала)

·       Әдепті бала ата

анасын мақтатар,

(Әдепсіз бала ата анасын қақсатар)

·       Үлкенге сәлем

беру

(кішінің міндеті)

-                    

 

 ІІІ. Өлең

құрастыру.

-                    

Бүгін сабақта біз сендермен әдептілік туралы көп ойлар,

пікірлер айттық.

-                    

Ал, енді  әдептілік

туралы өлең құрастырайық.

Мен бастаймын, сендер жалғастырындар.

Мен  

(өзіңді сипатта)  

Әдепті баламын 

(дәлелде)

Жақсыдан ( нені үйренерсің)

Жаманнан ..... (жалғастыр)

Менің арманым (өздеріңнің армандарынды жазыңдар)

Болашақта 

(кім болғың келеді немесе қандай мақсаттарың бар)

Барша адамға (не тілейсің?)

ІV.  Сергіту

сәті:

Ал, 

балалар,  тұрайық,

Алақанды  ұрайық.

Менің 

халім  тамаша,

Сіздікі де 

тамаша!

Сенің 

халің  жақсы  ма?

Оның 

халі  жақсы  ма?

Барлығы де 

тамаша!

V. Адамның

асыл қасиеттері  жөнінде сұрақтар қойып,

оны талқыға салу.

-Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

-Қонақ келгенде бала не істеу керек?

-Қонаққа  барғанда  өзін қалай ұстау керек?

-Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек?

Оқушылар  өз  ойларын 

айтып,  сұраққа  жауап 

береді.

VІ. Тренинг. «Сені көргеніме

қуаныштымын...» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.

Жаттығу барысы

Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме

қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты

сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.

Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?

Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай

сезімде болдыңыз?

VІІ. Қорытындылау.

Акылдың  кені. 

  

Әлемнің  көріпкел ойшылы атанған

Әл-Фараби  бабамыз мінез-құлыққа қатысты

мынандай өсиеттер қалдырған екен: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл  күші болып, екеуі біріккенде- бұлар адамшылық

қасиеттер болып  табылады»

 .

Мұғалім: Балалар, сонымен

әдептілік деген  ар-ұяттың белгісі,

адамдық қасиеттердің  көрінісі, адам  мінезінің-құлқының  негізі екенін түсінген боларсыздар. Әр адам

өзінің ішкі дүниесінің таза, пәк болуын, ниетінің адал болуын қадағаласа,

істеген ісі де соған сай  инабатты,

әдепті, жүрегі  мейірімге толы болмақ.                                  

 

  Әдепті  болыңыздар! Әдептілік – адам баласының ең

асыл қасиетінің бірі.

VІІІ. Үйге тапсырма: әдептілік туралы

2 мақал-мәтелдер жаттап келу.

 

 

 

Просмотров: 477

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст